№ 9 от 08.05.2026
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше бақылау мен қадағалауға жататын субъектілердің (объектілердің)
2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған
жартыжылдық тізімдерін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-1-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше бақылау мен қадағалауға жататын субъектілердің (объектілердің) 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған жартыжылдық тізімдерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларының назарына жеткізсін;
3) бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше бақылау мен қадағалауға жататын субъектілердің (объектілердің) 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған жартыжылдық тізімдерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
Департамент басшысы Б. Әлиев