2026 жылғы 1 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы

2026 жылғы 1 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы

2026 жылға жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсандағы  Департаментке және оның аумақтық басқармаларына «Е-Өтініш» АЖ-ға 347 өтініш келіп түсті.

Басқа мемлекеттік органдарға жіберілді – 114.

Әкімшілік рәсім тәртібімен - 221: оның ішінде өтініштер - 207, шағымдар -14.

Олардың ішінен қабылданды:

жолданды – 114      

қаралуда – 20

Жеңілдетілген рәсім тәртібімен - 126.

Департаменттің 2026 жылдың 1 тоқсанында жүргізген талдауына сәйкес өтініштердің негізгі бөлігі мәселелерді қозғайды:

– азық-түлік саласындағы бұзушылықтар – сапасыз өнімдерді сатып алуға, сауда объектілерінде антисанитариялық жағдайларға, тауарларды таңбалауға, буып-түюге қатысты (жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша әкімшілік жазалау шаралары қабылданды және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді);

– коммуналдық объектілер саласындағы бұзушылықтар бойынша – көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға, жағажай аумағын абаттандырудың Санитариялық ережелерін бұзуға, қоқысты уақтылы шығармауға, қоқыс контейнерлерінде қақпақтардың болмауына қатысты;

- өнеркәсіптік гигиена саласындағы бұзушылықтар бойынша;

- білім беру және тәрбие объектілері саласындағы бұзушылықтар бойынша;

 - лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі);

- басқалары – еңбек өтілін растауға, мұрағаттық анықтамалар беруге қатысты.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімшілік рәсімдерді талдау нәтижелері бойынша ақпарат кесте түрінде берілген (қоса беріледі).

Департамент Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерінің сапалы қаралуына тұрақты негізде бақылау жүргізеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында, Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары әлеуметтік желілерде (фейсбук және Instagram) тұрақты негізде ақпарат орналастырады.

Келіп түскен өтініштерді қарау уақтылы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2026 жылғы 1 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы
Дата публикации
28 апреля 2026