Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын айқындайды және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімінің жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын сақтау мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігінің ажырамас шарты болып табылады, азаматтардың сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді. Қызметтік әдептің белгіленген нормаларын мүлтіксіз сақтау қабылданатын шешімдердің ашықтығын, әділдігін және сапасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне бағдарлануын айқындайды.