Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: Тереңкөл ауылының тұрғынында
(В35) бас терісінің микроспориясы тіркеу туралы 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 56 шұғыл хабарлама.
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – "Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ
- Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) тартылған жоқ
- Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 8 сәуірден бастап 2026 жылғы 20 сәуірге дейін
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «А.Текенов атындағы №2 орта ЖОББМ» КММ
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты- бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар: Басқарма санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарды.