Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеу жүргізудің негізі: «Тегіс терінің микроспориясы» В35диагнозымен 2026 жылғы 17 наурыздағы №4 жедел хабарлама.
  2. Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Шарбақты аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеу жүргізу мерзімі: 18.03.2026-15.04.2026 ж.
  5. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Павлодар облысының білім беру басқармасының Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Галкино ЖОББМ» КММ.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:

- нысан орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Тергеп тексеру барысында медициналық кабинетте ыстық және суық судың жоқтығы анықталды;

- нысан орталықтандырылған кәріз жүйесімен жабдықталған. Тергеп тексеру барысында медициналық кабинетте жүйенің жоқтығы анықталды;

- тергеп тексеру барысында анықталғаны, 2026 жылғы 18 наурыздағы ДП-2Т Жетілдірілген дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес саңырауқұлақ ауруларына арналған ерітіндінің концентрациясы 0,1%, дезинфекциялық заттардың № 2260001017011886 зерттеу хаттамасы бойынша 19 наурыздағы 20101017011886 концентрациясы 20, 19 наурыздағы медициналық акт бойынша, 0,04%.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға – шаруашылық меңгерушісіне әкімшілік жаза қолданды.
  2. Қабылданған шаралар:

- әкімшілік айыппұл салынды;

- бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестер, әрекеттер) тоқтата тұру жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы шығарылды.

 

Дата публикации
24 апреля 2026