Маңғыстау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы БҰЙРЫҚ

Маңғыстау облысының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің

лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды

және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке

қабылдауының регламентін бекіту туралы

 «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.

  1. Осы бұйрық Департаменттің аумақтық басқармаларының назарына

жеткізілсін.

  1. Департаменттің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі осы бұйрықты Департаменттің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары К.Б.Матаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         

        Басшы                                                                          Г.Куркинбаева

Дата публикации
22 августа 2023