Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: 17.11.2025ж №2250000006130318 тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы, Қантпен қоюландырылған тұтас карламан сүті м.м.ү. 8,5% «Карламанский молочноконсервный комбинат» ЖШҚ Ресей Башқұртстан Республикасы Кармаскалин ауданы, Прибельский ауылы, Ленин көшесі, 1-үй, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейді. Мезофильді аэробты факутальді-аноэробты микроорганизмдер санының артуы анықталды (МАФАнМС) нормадан жоғары 1.3*10/5 КОЕ/г; бақылау сатып алу нәтижелері туралы 18.11.25 ж. №10 акт.
- Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «ҚР ДСМ СЭБК Қостанай облысының Қарасу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қажет емес.
- Тергеу жүргізу мерзімдері: 28.11.25 ж. – 26.12.25 ж.
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Жеке кәсіпкер, «Идеал» аралас тауарлар дүкені, Қостанай облысы, Қарасу ауданы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: орнатылмаған.
- Қабылданған шаралар: қажет емес.
Дата публикации
19 декабря 2025