Қостанай облысындағы 12 балалар сауықтыру лагері қызметті жүзеге асыруға рұқсат құжатын (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алды.
Сауықтыру маусымы облыс бойынша 9 маусымнан басталды. Бүгінгі таңда 9 лагерь жұмыс істейді («Болашак», «Балдаурен», «Солнечный», «Лесная сказка», «Бакирова», «Алый парус», «Орленок», «Чайка», «Строитель»), 1580 бала сауықтыру лагерлерінде.
Жазғы маусымда облыс бойынша 104980 баланы сауықтыру жоспарлануда, оның ішінде қала сыртындағы лагерьлерде-8267 бала, мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдарда-96713 бала.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар қала сыртындағы лагерьлер:
1-2) «Рудный қаласының білім бөлімінің» Балалар тәрбие-сауықтыру кешені» КМҚК «Бүркіт» және «Шағала» балалар сауықтыру орталықтары.
3) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ генерал Бакиров атындағы демалыс базасы.
4) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ «Лесная сказка» жазғы сауықтыру лагері.
5) «Строитель» Балалар демалыс және спорт орталығы «АЛЮМИНСТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
6) «Алый парус» қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері» КМҚК
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің» Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы».
7) «Болашақ» балалар сауықтыру лагері «Детский квартал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
8) «Әкімдік білім басқармасының «Қарабалық ауданының білім бөлімінің «Достық» балалар сауықтыру лагері» КММ «Достық» балалар сауықтыру лагері».
9) Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «№2 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ «Алтынгүл» сауықтыру лагері.
10) Әулиекөл ауданының білім бөлімінің «Достық» балалар сауықтыру мәдени кешені» КММ жанындағы «Балдәурен» балалар сауықтыру лагері.
11) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімінің «Солнечный» балалар сауықтыру лагері
12) «Шаяхметов атындағы Светофор М. Б.» демалыс лагері ЖК Абатов А.
Ата-аналарға арналған ақпарат: баланы қала сыртындағы лагерьге жіберген кезде лагерьге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуын нақтылау қажет.