"Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамызда № 29092 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16913 болып тіркелген);
2) "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 11-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
ҚР Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы |
А. Есмагамбетова |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министірлігі |
|
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі |
|
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
|
|
|
ҚР Денсаулық сақтау |
|
"Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) санаторий-курорттық ұйымдар – курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында: санаторий (ересектерге, ересектер мен балаларға, балаларға арналған), студенттік санаторий-профилакторий, балаларды оңалту-сауықтыру орталығында орналасқан, медициналық және өзге де қызметтерді, табиғи емдік факторларды қолдана отырып, адам денсаулығын сауықтыру және қалпына келтіру бойынша санаторий-курорттық қызметтер көрсететін ұйымдар;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.
2-тарау. Балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, жаңасын салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейтуге, қайта бейіндеуге және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Балаларды сауықтыру объектілері (бұдан әрі – БСО) кәсіпорындардың, құрылыстардың және өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарынан, санитариялық ажыраулардан, гараждардан, автотұрақтардан, автомагистральдардан, теміржол көлігі объектілерінен, әуе көлігінің ұшу және қону маршруттарынан тыс орналастырылады.
БСО-ның аумағында және үй-жайларда олармен байланысы жоқ объектілерді функционалдық түрде орналастырмайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ғимараттар мен құрылыстарды БСО-ға (жалға) уақытша пайдалану кезінде осы Санитариялық қағидалар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің, нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес үй-жайлардың құрамы, жиынтығы, ауданы бойынша талаптары сақталады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Балаларды сауықтыру объектілері– ол балаларды сауықтыру, олардың демалысы кезінде жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын, 6 жастан бастап балаларды сауықтыруға арналған объектілер, оның ішінде маусымдық және жыл бойы жұмыс істейтін БСО, сондай-ақ балалардың демалыс базалары мен орындары.
Шешінетін бөлмелер, санитариялық торап және себезгі бөлмелері жеке кіретін есігі бар жеке блоктарға топтастырылады
Балшықтарды сақтау үшін тек қана таза балшықты пайдалануға есептелген бірнеше бассейндер көзделеді.
Санаторий объектілері– бұл белгіленген режимді сақтаған кезде, алдын алуға, медициналық оңалтуға (санаторий-курорттық емдеуді қоса алғанда) және басым табиғи жағдайларды, оның ішінде табиғи емдік физикалық факторларды (климат, минералды сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдістерді, емдік дене шынықтыруды пайдалана отырып, демалуға арналған ұйымдар, оның ішінде санаторий-курорттық ұйымдар, туберкулезге қарсы ұйымдар (санаторийлер).
Емшара кабинеттерінде әрбір кушетка (кресло) жеке кабиналарда орнатылады. Бір емшара кабинетіндегі кушеткалардың (креслолардың) саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес объектінің ерекшелігіне, оның жұмыс режиміне, рәсімдердің мамандануына байланысты емшара кабинетінің алаңын және бір кушеткаға ауысымда жүзеге асырылатын рәсімдердің есептік санын ескере отырып айқындалады.
Ылғалды жұмыс режимі бар үй-жайларда, сондай-ақ ылғалды ағымдағы дезинфекциялауға жататын үй-жайларда (оның ішінде медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған үй-жайлар, ас блогы, ванна, себезгі, санитариялық тораптар, кір жуу орны, кір жуу бөлмесі, медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар) қабырғалар мен еденнің беттері ылғалға төзімді материалдарды пайдалана отырып орындалады.
Объектілер учаскесіне кіру жолдары мен кіреберістер, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға жаяу жүргіншілер жолдары, тротуарлар мен пандустар қатты материалдардан жасалған, тегіс, сырғанауды болдырмайтын, тазалауға, жинауға қолжетімді және ыңғайлы жабынымен көзделеді.
Балаларды жыл бойы сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-84 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша объектіні пайдалануға беру басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны бір рет алады, балаларды маусымдық сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін жыл сайын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.04.2025 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өнеркәсіптік дайындалған буып-түйілген (ыдысқа құйылған) ауыз су таңбалануы, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы, буып-түйілген ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар бар болған кезде объектілерде ауыз су және өндірістік мақсаттар үшін қолданылады.
Кулерді жуу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және нұсқаулықта көзделген кезеңділікпен, бірақ күнтізбелік 7 (жеті) күнде кемінде бір рет, қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үш айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Ауыз су үшін тамақ өнімдерімен жанасуға арналған таза ыдыстар (шыны, фаянс, пластмасса, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады.
Қайнаған ауыз су мынадай:
ауыз суды кемінде 5 минут қайнату;
ол қайнаған ыдыста бөлме температурасына дейін салқындату;
үш сағаттан асырмай сақтау;
объектінің есепке алу құжаттамасында қайнаған ауыз суды ауыстыру уақытын есепке алуды жүргізу талаптары сақталған жағдайда пайдаланылады.
Ауыз суды сақтауға және жеткізуге тазартылған және дезинфекцияланаған көп рет қолданылатын сыйымдылықтар пайдаланылады.
Жеке бас гигиенасын сақтау үшін су толтырылатын қосымша қол жуғыштардың қондырғысы пайдаланылады.
Ыстық және салқын су барлық ванналарға, себезгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, оның ішінде санитариялық тораптарда, түстену залдарында, тұратын орындарда, медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған үй-жайларда, сондай-ақ араластырғыштарды орната отырып, ас блогындағы технологиялық жабдыққа жеткізіледі.
Жылыту жүйесіндегі ыстық суды технологиялық және тұрмыстық мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – бұл орталықтандырылған суды бұрумен байланысты емес, объектінің аумағында орналасқан, жерүсті бөлігі және жерасты су өткізбейтін сыйымдылығы (шұңқыры) бар дәретхана.
Сарқынды суларды, оның ішінде САҚ-тан қабылдау объектінің аумағының шаруашылық аймағында орналасқан, тазалау уақтылы жүргізілетін гидравликалық ысырмалары (сифондары) бар қақпақтармен жарақтандырылған, жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқырларға, септиктерге) жүзеге асырылады.
Сарқынды суларды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ сіңіргіш құдықтарды орнатуға жол берілмейді.
САҚ-ты жинауды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, жұмыс режимін ескере отырып күн сайын жүргізеді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жатын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, кітапханада, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен демалысқа арналған үй-жайларда, компьютерлік сыныптарда, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын бөлмелерде плюс (бұдан әрі –"+") 18 градус Цельсийден (бұдан әрі – °C) +22 °C;
2) тамақтану залдарында, буфеттерде, үтіктеу, кептіру, қоймаларда және киім-кешектерде +16 °C;
3) физиотерапия кабинеттерінде, массаж кабинеттерінде +28 °C;
4) медициналық үй-жайларда +20 °C - +22 °C;
5) спортзалда және секциялық сабақтар өткізуге арналған бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін бөлмелерде, ас үйде, киім мен аяқ киім кептіретін бөлмеде +15°C - +17 °C;
6) спорт залының киім ауыстыратын бөлмесінде +19 °C - +23 °C;
7) ванна бассейні бар үй-жайларда +29 °C - +30 °C;
8) себезгіде +25 °C.
Үй-жайлардағы оңтайлы салыстырмалы ылғалдылық 40-55 %, ас үйде және кір жуатын бөлмеде – 60-70% дейін.
Пайдаланылған құрамында сынабы бар шамдар мен аспаптарды қоқыс жинағыштарға тастауға жол берілмейді.
БСО-ның негізгі үй-жайларында табиғи жарық болады.
Қойманы, тұрмыстық бөлмені, мүкәммал бөлмесін, қол жуу бөлмесін, себезгіні, санитариялық тораптарды, дезинфекциялау құралдарын дайындауға арналған үй-жайларды табиғи жарықсыз пайдалануға жол беріледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Желдету және ауаны баптау жүйелерін пайдалану кезінде нормалау құжаттарының талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларды тазалау немесе ауыстыру кезінде оларға қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Массаж кабинеті механикалық желдеткішпен жабдықталады.
Себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар және балшықпен емдеу үй-жайлары дербес сору желдеткішімен жабдықталады.
Желдеткіш – бұл гигиеналық және технологиялық талаптарға сәйкес ауа ортасын құруды қамтамасыз ететін үй-жайлардағы табиғи немесе жасанды реттелетін ауа алмасу, сондай-ақ ауа алмасуды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиынтығы.
4-тарау. Балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінің үй-жайларын, ғимараттар, құрылыстар мен жабдықтарын жөндеуге, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1) жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шараларын қамтитын үйлерді жөндеу жұмыстары;
2) инженерлік желілердің, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру, желдеткіш жүйелерін тексеру актілерінің болуы;
3) ауызсуды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, мамандандырылған ұйымдармен сумен жабдықтау жүйелерін жуу жөніндегі актінің болуы. Сумен жабдықтау жүйелерін тазарту, жуу және дезинфекциялау актісі № 26 Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
4) аумақты қоқыстан тазарту және абаттандыру;
5) қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеуіне енгізілген дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды (бұдан әрі – құралдар) қолдана отырып, профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу. Құралдар таңбалау, олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттама, қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік), дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар бойынша орындалған жұмыстар туралы актілер болған кезде қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ағымдағы жөндеу объектілерде жыл сайын жүргізіледі.
Қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, сауықтыру және бос уақыт мақсатындағы, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, балалардың, ересектердің (пациенттердің, демалушылардың) тұратын орындарын және объектінің аумағындағы персоналды күтіп-ұстау және пайдалану нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Объектілердің барлық үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары мен жабдықтары таза ұсталады. Үй-жайларды ағымдағы жинау қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ өнімін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдете отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен жүргізіледі. Жуу және дезинфекциялау құралдары таңбалау, олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттама, қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) бар болған кезде қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады.
Құралдарды сақтау дайындаушы белгілеген сақтау шарттарын сақтай отырып, дайындаушының қаптамасында тығыз жабылған арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылады.
Дезинфекциялау және жуу құралдарының жұмыс ерітінділері құралдың атауын, оның концентрациясын, дайындалған күнін, жарамдылық мерзімін (құралы бар сыйымдылықта түпнұсқа таңбасы болмаған кезде) көрсете отырып, таңбаланған ыдыстарда дайындалады және сақталады. Дезинфекциялау, жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақталады.
Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
Объектілердің аумағында қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.
1-параграф. Жағажайларды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Солярий – жабдықталған алаң, күн ванналарын қабылдауға арналған үй-жай.
2-параграф. Шатырлы (киіз үй) үлгідегі балаларды сауықтыру объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Шатырлы (киіз үй) үлгідегі БСО-да САҚ немесе биодәретханалар пайдаланылады.
3-параграф. Туберкулезге қарсы санаторийлерді күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Туберкулезге қарсы санаторийлерде төсек жабдықтарын камералық зарарсыздандыру әрбір науқас шығарылғаннан кейін және жылына бір рет жоспарлы түрде жүргізіледі.
Туберкулезге қарсы санаторий – ол санаторий объектісінде (санаторий-курорттық ұйымда) адамдардың уақытша болуы жағдайларында халыққа туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық және оңалту көмегін (қызметтерін) ұсынатын туберкулезге қарсы ұйым.
4-параграф. Санаторийдегі балшықпен емдеу және физиотерапияға арналған үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1) табиғи және рәсімдерге дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын физикалық-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келеді;
2) табиғи және ем-шараға дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын микробиологиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келеді.
Тамақ өнімдері (оның ішінде тамаққа биологиялық активті қоспалар) таңбалануы, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы, қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар (сәйкестік туралы декларация, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде пайдаланылады. Қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) енгізілген тамаққа биологиялық активті қоспалар (фито-шайларды қоса алғанда) пайдаланылады.
Емдік массаж жүргізу үшін пайдаланылатын массажға арналған кабинет араластырғыш арқылы ыстық және салқын су тартылған қол жууға, сүртуге және (немесе) кептіруге арналған құралдары бар жуыну раковинамен жабдықталады.
Жуу және стерилдеу "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-тарау. Балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Санаторийлердің жатын бөлмелері мен тұрғын бөлмелері кереуеттермен, тумбалармен, киімге арналған шкафтармен жабдықталады.
Сауықтыру ұйымдарындағы жатын, мәдени-көпшілік мақсаттағы және әкімшілік үй-жайлар тек жерүсті қабаттарында ғана орналастырылады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Пайдаланылған киім-кешекті жинау тығыз арнайы қаптамада (үлбірде, полиэтилен қаптар, жабдықталған киім-кешек арбалары) жүзеге асырылады. Пайдаланылған киім-кешекпен жұмыс істеу үшін персонал ауысымды санитариялық арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
Санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – ол персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы (бас киім немесе шашқа арналған тор, шалбары бар куртка немесе халат (бір рет немесе көп рет қолданылатын), сақалға (мұртқа) арналған тор; алжапқыш, аяқ киім; шикізатты, қосалқы материалдарды және дайын тамақ өнімдерін ластанудан, оның ішінде механикалық бөлшектермен және микрорганизмдермен ластанудан қорғауға арналған жеке қорғаныш құралдары (тыныс алу ағзаларына арналған қорғаныш маскасы (бір рет немесе көп рет қолданылатын) (бұдан әрі – маска).
Кір жуу орнында таза және пайдаланылған киім-кешектің қарама-қарсы ағынын болдырмай, технологиялық процестің ағымдылығын сақтау қамтамасыз етіледі.
Инфекциялық аурумен ауырғандардың іш киімдері жуу алдында дезинфекцияланады.
6-тарау. Балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінде тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Шатырлы (киіз үй) үлгідегі балаларды сауықтыру объектілерінің тамақтандыру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
106. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
107. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
108. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
109. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
110. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
111. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
112. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
113. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
114. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7-тарау. Балалардың сауықтыру және санаторий объектілері персоналының өндірістік бақылауды жүзеге асыруына, еңбек жағдайларына және тұрмыстық қызмет көрсетуіне қойылатын талаптар
Үй-жайларды жинау үшін жеке арнайы киім көзделеді. Арнайы киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады.
Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) міндетті, профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған, медициналық қарап-тексеруден және гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарға;
2) инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылатын инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған осындай ауруларға күдікті адамдарға, қол терісінің және дененің ашық беттерінің іріңді аурулары, жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары (жіті респираторлық вирустық инфекция) бар адамдарға жұмыс істуге жол берілмейді. Тамақ өнімдерін өндіру процесінде жұмыс істейтін адамдар ауру немесе симптомдар туралы, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерінің ішек инфекцияларымен сырқаттануының барлық жағдайлары туралы медицина қызметкеріне немесе объектінің жауапты адамына немесе тікелей басшысына дереу хабарлайды. Науқастармен немесе осындай аурулардың тасымалдаушыларымен байланыста болған адамдар медициналық тексеру жүргізілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.
Объектілердің персоналы, халықтың декреттелген тобына жататын адамдар "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21652 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша міндетті медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткені және жұмысқа жіберілгені туралы белгілері бар өзінің жеке медициналық кітапшасы болады, оның жұмыс орнында сақталуы қамтамасыз етіледі.
8-тарау. Балаларды, ересектерді және балаларды сауықтыру және санаторий объектілерінің персоналын медициналық қамтамасыз ету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1) балалардың сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеу;
2) ауыз су режимі мен тамақтануды тексеру;
3) үй-жайлардың, аумақтың, суға шомылу және спортпен шұғылдану орындарының дайындығын тексеру;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) бекітілген 071/у нысаны бойынша "Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама" деген денсаулық жағдайы туралы құжат, инфекциялық аурулармен байланысы жоқ деген анықтама бар болған кезде БСО-ға балаларды қабылдау іс-шараларын жүргізеді жүргізеді. Санаторийде балалар мен ересектерді қабылдау № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы болған кезде жүзеге асырылады. Медицина персоналы балалардың, ересектердің (пациенттердің, демалушылардың) денсаулық жағдайына динамикалық байқау жүргізуді, шынықтыруды, сауықтыруды жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаның 1-нысанына сәйкес міндетті медициналық қарап-тексеру объектілері персоналының уақтылы өтуін есепке алуды жүргізу және ас блогы персоналының денсаулығын күн сайынғы бақылауды ас блогы персоналын қарап-тексеру нәтижелері журналында деректерді тіркей отырып жүргізу;
6) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаның 2-нысанына сәйкес тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау ведомосын кейіннен түзете және жүргізе отырып, тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізу;
7) дене шынықтырумен айналысу үшін медициналық топтарға бөлу, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушыларды балалардың денсаулық жағдайы, спорттық сабақтардың ұсынылатын режимі туралы хабардар ету;
8) қабылдау жүргізу, пациентке медициналық көмек көрсету;
9) жазатайым оқиғалар туындаған кезде медициналық алғашқы көмек көрсету, стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына тасымалдау;
10) Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидаларға және нормалау құжаттарына сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыра және жүргізе отырып "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21532 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары немесе оған күдіктер туралы шұғыл хабарламаны беру;
11) ас блогының күтіп-ұсталуына, тамақ өнімінің жағдайлары мен жарамдылық мерзімдеріне, тамақ дайындау технологиясына, дайын тағамның сапасына, сондай-ақ барлық үй-жайлар мен аумақтың, сумен жабдықтау көздерінің санитариялық жай-күйіне және күтіп-ұсталуына күн сайын тексеру жүргізу;
12) объектінің туризм жөніндегі нұсқаушысы (болған жағдайда) немесе персоналдың лауазымдық міндеттеріне сәйкес объектінің жауапты адамы (персоналы) балаларды жорыққа аттандырғанға дейін күнтізбелік екі күн бұрын маршрутты және суға шомылу орындарын зерттеп-қарау;
13) балалардың бассейндерде және су айдындарында шомылу кезіндегі су температурасын бақылау (су температурасы + 20°C төмен емес, ауа температурасы + 23°C төмен емес) іс-шараларын жүргізеді.
Ескерту. 123-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
|
|
"Балалардың сауықтыру және |
Зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер
|
Р/с № |
Сынама іріктеу орны |
Зертханалық-құрал-сайманды зерттеулер, саны (бірлік) |
Зерттеу жиілігі |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
1 |
Ас блогы |
Тамақ өнімдерінің (шикізаттың) микробиологиялық көрсеткіштерге сынамасы, бірлік |
Ағымдық қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|
|
Микробиологиялық зерттеулерге дайын өнім сынамасы |
Ағымдық қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|||
|
Микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге судың сынамасы, бірлік |
Ағымдық қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|||
|
Тамақтың толық салынуы, тәуліктік құнарлылығы, бірлік |
Ағымдық қадағалау тәртібімен |
|
|||
|
Сыртқы орта объектілерінен алынған шайындыларды ішек таяқшалары тобының бактерияларына зерттеу, бірлік |
Ағымдық қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|||
|
Дезинфекциялау құралдары ерітіндісіндегі әрекет ететін заттардың белсенділігін айқындау |
Ағымдық қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|||
|
Бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынған ауыз су |
Жаз маусымы басталар алдында, ағымдық қадағалау тәртібімен, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша |
|
|||
|
2 |
Жабық жүзу бассейні және ванналар, жағажай |
Бактериологиялық, санитариялық-химиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулерге су сынамалары |
Жаз маусымы басталар алдында, ағымдағы қадағалау тәртібімен |
|
|
|
паразитологиялық көрсеткіштер: бассейн шұңқырының суы |
Ағымдық қадағалау тәртібімен |
|
|||
|
3 |
Емдік балшықтар |
Микробиологиялық, физикалық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге |
Ағымдағы қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|
|
4 |
Ас блогы |
Желдеткіштің тиімділігі, шу |
Ағымдық қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|
|
5 |
Ойын үй-жайлары, оқу кабинеті, медициналық үй-жайлар |
Жасанды жарықтандыру деңгейі |
Ағымдық қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|
|
6 |
Персоналды тексеру |
Бактериологиялық тасымалдаушылыққа |
Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|
|
7 |
Топырақ, құм |
Паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге |
Жаз маусымы басталар алдында, ағымдағы қадағалау тәртібімен, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
|
|
|
|
"Балалардың сауықтыру және |
||||
Үй-жайларды жасанды жарықтандыру деңгейлері
|
Үй-жайлардың атауы |
Жарықтандыру (люкспен) |
Жарықтандыру нормаларына жататын беткейлік |
|
||
|
люминисцентті шамдар кезінде |
қыздыру шамдары кезінде |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
Оқу, ойын бөлмелері және үйірмелерге арналған бөлмелер |
300 |
150 |
үстелдің жұмыс беті |
|
|
|
Жатын бөлмелер |
75 |
30 |
еденнен 0,5 м деңгейде |
|
|
|
Дене шынықтыру залы |
200 |
100 |
еден |
|
|
|
Рекреациялар |
150 |
75 |
еден |
|
|
|
|
"Балалардың сауықтыру және |
||||
Табиғи және ем-шараға дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын физикалық-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштері
|
Көрсеткіш |
Тұнба сульфиді |
Торфянды |
Сапропелевті |
Шоқы |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
Ылғалдығы, % |
25 – 75 |
50 – 85 |
60 – 90 |
40 – 80 |
|
|
|
Мөлшері 0,25 – 5 миллиметр (бұдан әрі –мм) минералды бөлшектермен ластану, % табиғи затқа |
<3,0 |
<2,0 |
<2,0 |
<3,0 |
|
|
|
Мөлшері 5 мм-ден астам қатты минералды қосындылар |
Жоқ |
|
||||
|
Ыдырау дәрежесі (шымтезек, балшық үшін), % органикалық заттарға |
40 төмен емес |
|
||||
|
Ығысу кедергісі, дин / см2 |
1500-4000 |
1500-4000 |
1000-2000 |
1500-2500 |
|
|
|
Уытты заттар |
|
|||||
|
Техногенді радионуклидтер (Cs137, зарарланған Sr90), беккерель/килограмм (Бк/кг) |
Радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес |
|
||||
|
Т сары металдар (Hg, Pb, Zn, Cu, Cd), миллиграмм / килограмм (бұдан әрі-мг / кг) |
Топырақтың жергілікті табиғи фонынан артық емес |
|
||||
|
Пестицидтер, мг/кг |
Жергілікті топырақ үшін белгіленген нормалардан артық емес |
|
||||
|
|
"Балалардың сауықтыру және |
|||||
Табиғи және ем-шараға дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын микробиологиялық көрсеткіштері
|
Балшық түрлері |
Жалпы микробтық Сан (ОМЧ), артық емес |
Колититр ішек таяқшасы тобының бактериялары (БГКП) |
Титр эширехия коли (лактозоң) |
Клостридия перфрингенс титрі |
Патогенді кокк микрофлорасы, 10 грамм көк іріңді таяқша |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Сапропелдік және төбелік балшықтар |
1х106 5х105 |
1 жоғары |
30 жоғары |
0,1 жоғары |
жоқ |
|
Лай орташа және әлсіз минералданған және рН 3,6-дан кем шымтезек |
5х105 |
10 жоғары |
30 жоғары |
0,1 жоғары |
жоқ |
|
Лай сульфидті қатты минералданған және рН 3,6-дан кем шымтезек |
5х105 |
30 жоғары |
50 жоғары |
0,1 жоғары |
жоқ |
Ескертпе: балшықтың микробиологиялық көрсеткіштері:
1) 1 грамдағы микроорганизмдердің жалпы саны – балшықтың органикалық заттармен ластану қарқындылығының көрсеткіші;
2) коли-титр немесе ішек таяқшасы тобы бактериясының құрамы (ІТТБ) – ішек таяқшалары тобы бактериялары анықталған балшықтың көлемі;
3) Escherichia coli титрі (эширехия коли) – Escherichia coli жаңа нәжістік ластанудың көрсеткіші ретінде анықталатын балшықтың көлемі;
4) Clostridium perfringens титрі (клостридия перфрингенс) – белгілі бір дәрежеде нәжістік ластанудың дәлелі ретінде клостридиум perfringens (клостридия перфрингенс) анықталған балшықтың көлемі;
5) терінің ауыр зақымдануын, тамақтан улануды және ауруларды (сіреспе) тудыратын микроорганизмдер ретінде – балшықтың белгілі бір көлемінде патогенді кокк микрофлорасының (стафилококктар, стрептококктар), Pseudomonas aeruginosa (көк ірің таяқшасы) болуы.
|
|
"Балалардың сауықтыру және |
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
"Балалардың сауықтыру және |
Ас блогы жұмыскерлерін тексеру нәтижелерінің журналы
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
1-нысан |
||||||||
|
р/с № |
Жұмыскердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Лауазымы |
Отбасында ЖІИ болмауы туралы жұмыскердің қолы |
Терінің іріңді ауруларын тексеру |
ЖРВИ, баспаның болуын тексеру |
Медицина қызметкерінің қолы |
Ескертпе* |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: * жазба: дені сау, науқас, жұмыстан шектетілді, санацияланды, еңбек демалысы, демалыс
_____ жылғы _____ айдағы тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі
2-нысан
|
р/с № |
Өнімнің атауы |
Өнімнің 1 адамға граммен шаққандағы нормасы * (брутто) |
Бір адамға күндер бойынша (барлығы) бруттода іс жүзінде берілген өнімдер, бір адамға г/ тамақтанатын адамдар саны |
Бруттода 1 адамға 10 күнде берілген барлық азық-түлік |
Орташа есеппен 10 күн ішінде |
% (+/-) –да нормадан ауытқу |
|||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
|
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК