Аумақ бойынша ұсыныстар

Аумақ бойынша ұсыныстар

  1. Объектілердің аумағын зақымдамай қоршау көзделеді.
  2. Объектілер учаскесіне кіреберістер шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға жаяу жүргіншілер жолдары, тротуарлар мен пандустар қатты материалдардан жасалған, тегіс, кедір-бұдырлы, саңылаусыз, қозғалыс кезінде діріл тудырмайтын, сондай-ақ сырғанауды болдырмайтын, тазалауға, жинауға қолжетімді және ыңғайлы жабындымен көзделеді.
  3. Қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеуіне енгізілген дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды (бұдан әрі - құралдар) қолдана отырып, профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу көзделеді. Құралдар таңбалау, олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттама, қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады. Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсетуге лицензиясы бар кәсіпкерлік субъектілері қызметтерді жүзеге асырады.
  4. Қоршаудың артындағы объектілердің аумағы және оған іргелес аумақ таза ұсталады.
  5. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) қоқыс жинауға арналған шаруашылық аймағында, үш жағынан қоршалған, тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді су өткізбейтін жабыны бар алаңда орнатылады, тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады.
  6. Жағажайдың аумағы күн шатырларымен, шезлонгтармен және орындықтармен жабдықталады, киім ауыстыруға арналған кабиналар, балалардың жасына сәйкес ойын құрылғылары, сондай-ақ солярилер, рәсімдерді дозаланған қабылдауға арналған аэрарийлер, СДУ немесе биодәретханалар, таза ұсталатын қоқыстарды жинауға арналған қоқыс жинағыштар орнатылады.
  7. Шомылу маусымы басталар алдында объектінің әкімшілігі бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге топырақ зерттеулерін жүргізуді қамтамасыз етеді.
  8. Жағажайда оның беткі қабатының құрамына байланысты (беткі қабаты азайған немесе бұзылған жағдайда) таза құм немесе малтатас құйылады.
  9. Құмды жағажайларда аптасына кемінде бір рет жиналған қалдықтарды алып тастай отырып құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі.
Дата публикации
06 мая 2025