Денсаулық сақтау саласындағы хабарламалар

Денсаулық сақтау саласындағы хабарламалар

   «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы қызметтің мынадай түрлері хабарлама бойынша жүзеге асырылады:

        1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;

        2) эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметі (пайдалануы);

        3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу

        Қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі, оған сәйкес қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндеті белгіленген.

     Өтініш берушілер хабарламаларды объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттандыру объектілерінде жібереді.

       Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгертілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.

     Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары профилактикалық бақылау шеңберінде келусіз хабарламалар мен рұқсаттарға мониторинг жүргізеді, оның нәтижелері субъектіні (объектіні) барып профилактикалық бақылау тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Дата публикации
11 февраля 2025