Өндірістік бақылау-адам мен тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздікті және (немесе) зиянсыздықты қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде өндірілетін өнімді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 51-бабына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауға жататын объектілерде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжатпен ресімдейді, ендіреді және жұмыс істейтін жағдайда ұстайды.
Өндірістік бақылауды қамтамасыз ету дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның басшысына жүктеледі.
Өндірістік бақылауды жүргізу тәртібі мен есеп нысаны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттеледі.
Кодекстің 45 бабына сәйкес, өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі субъектіге (объектіге) бармай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында профилактикалық бақылау жүргізу тәсілдерінің бірі болып табылады.
Бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін негіз болып табылады.
Субъект (объект) ішкі есепке алуды жүргізеді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастырады және ұсынады.
№ 62 СҚ 2 қосымшасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар (өндірістік объектілердің иелері) өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына белгіленген нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні жарты жылда бір рет ұсынады (қоса беріледі).
Осыған байланысты, Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жеке және заңды тұлғаларға (өндірістік объектілердің иелеріне), өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына электрондық поштаға немесе объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына (СЭББ) қолма-қол ұсыну қажеттілігі туралы еске салады
СЭББ электрондық мекенжайлары