Білім беру және тамақтану объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін маңызды шарттардың бірі болып табылады.
2024 жылғы 16 қазанда Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, оқушылардың қауіпсіз тамақтануын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Департаменттің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
Мамандарға жалпы білім беру ұйымдарының жанына орналастырылған білім беру объектілері мен тамақтану объектілеріне қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді, оқушылардың қауіпсіз тамақтануына тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бракераж комиссияларының жұмысын жандандыру бойынша ұсынымдар берілді.
Барлық қызықтырған сұрақтарға құзыреті шегінде толық жауаптар берілді.
Семинарда Департамент басшысының орынбасары З. А. Елшібаева және бөлім басшысы Р. Ж. Таженова сөз сөйледі.
Семинар қорытындысы бойынша мамандарға кәсіпкерлік субъектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру және тәрбиелеу ұйымдары жанындағы тамақтану объектілеріне рұқсат беру құжаттарын алу туралы ұсынымдар беру қажеттілігі туралы тапсырмалар берілді.