Қостанай облысындағы 9 балалар сауықтыру лагері жұмысқа рұқсат алды.

         Қостанай облысындағы 9 балалар сауықтыру лагері жұмысқа рұқсат алды.

         Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде Қостанай облысы бойынша 11 қаладан тыс сауықтыру лагерінің жұмысы жоспарлануда.

          25 маусымда объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды - 9 лагерь алды, бірақ сауықтыру маусымы 8 лагерьде басталды, онда 3 лагерьде 1 маусым аяқталды, оларда-971 бала сауықтырылды, қалған лагерьлерде - 1369 бала сауықтыруды жалғастыруда.

* "Рудный қаласы Білім бөлімінің «Балалар тәрбие-сауықтыру кешені» КМҚК «Бүркіт» және «Шағала» балалар сауықтыру орталықтары.

* Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ генерал Бәкіров ат. демалыс базасы.

* Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы" КММ "Лесная сказка"жазғы сауықтыру лагері.

* "АЛЮМИНСТРОЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  «Строитель» балалар демалыс және спорт орталығы.

* Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің" «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КМҚК «Алый парус» қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері.

*«Детский квартал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Болашақ" балалар сауықтыру лагері.

*Әкімдіктің білім басқармасы "Қарабалық ауданының білім бөлімінің "Достық" балалар сауықтыру лагері" КММ "Достық" балалар сауықтыру лагері.

*" Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының "№2 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған "Балабақша-мектеп-интернат" Қостанай арнайы кешені" КММ "Алтынгүл" сауықтыру лагері

        Ағымдағы жылы өңірде 103 725 баланы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда, оның ішінде 9 196 бала қала сыртындағы лагерьлерде. Қамту мектеп жанындағы алаңдарда 29,3%, қала сыртындағы лагерьлерде -10,5% құрады.

 

 

Дата публикации
26 июня 2024