Семинар өткізу туралы
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Білім басқармасымен бірлесіп 2024 жылғы 15 мамырда қала сыртындағы лагерьлердің директорлары, қызметкерлері, білім бөлімдерінің басшылары, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының (СЭББ) мамандары үшін "Балалардың сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау туралы" тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында балалардың қауіпсіз демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру, балалардың сауықтыру объектілерінің жазғы маусымына дайындық барысы туралы сұрақтар қаралды.
Өз сөзінде Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Р. Ж. Тәженова қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін балаларды қабылдауға дайындау, тұруға, тамақтануға, медициналық қамтамасыз етуге, ауыз су режиміне қойылатын санитарлық ережелердің талаптарын сақтау, объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уақтылы алу мәселелеріне назар аударды.
Семинар қорытындысы бойынша білім бөлімдерінің басшыларына мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлердің жұмысын ұйымдастыру кезінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына рұқсат беру құжаттарын беру бойынша түсіндіру жұмыстарын, бақылаудағы объектілерде тамақтан уланудың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хаттама жолданды.
Семинар барысында туындаған барлық сұрақтар бойынша санитарлық ережелердің талаптарын сақтау бойынша толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.