ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ 2024 жылғы 5 сәуір

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ (бұдан әрі-Департамент) ішкі конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының

ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

 

«Қазақстан Республикасы                                       2024 жылғы 5 сәуір

Денсаулық сақтау министрлігі                                          сағат 12:00

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

комитеті Қостанай облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті» РММ    

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, конкурстық комиссия   

ШЕШТІ:

  1. Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы бойынша Қаламқас Асановна Шегебаеваның кандидатурасы ұсынылсын;
  2. Комисссияның оң шешімін алған үміткерлердің жоқтығына байланысты, барлық мемлекеттік қызметкерлерге: Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы,

Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің  бас маманы, Департаменттің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялансын.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы  

 Г. Кожахметова

                          

Дата публикации
08 апреля 2024