Мемлекеттік тіркеуге жататын бақылаудағы тауарлардың Одақтың кедендік аумағында айналысы.

Мемлекеттік тіркеуге жататын бақылаудағы тауарлардың Одақтың кедендік аумағында айналысы.

 Өнімге мемлекеттік тіркеу болған кезде жүзеге асырылады. Бақылаудағы тауарларды мемлекеттік тіркеудің болуын растау ретінде мынадай құжаттардың (мәліметтердің) бірі пайдаланылады:    - бақылаудағы тауарларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Комиссия актісінде белгіленген тәртіппен куәландырылған оның көшірмесі;

     - бақылаудағы тауарларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректемелерін, осы тауарлардың атауын, дайындаушыны (өндірушіні), алушыны және бақылаудағы тауарларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті берген органды көрсете отырып, уәкілетті органдар берген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен үзінді көшірме;

     - бақылаудағы тауарларды электрондық құжат түрінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

     - Одақтың ақпараттық порталында жарияланған өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде болуы, немесе мүше мемлекеттердің өнімдерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің ұлттық тізілімдерінде бақылаудағы тауарларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік туралы мәліметтер, олар туралы мәліметтер тауарларды сатып алуды (түсуін) растайтын құжаттарда, өзге ілеспе құжаттамада, тауарда және (немесе) оның тұтыну ыдысында көрсетілген.

 

Департаменттің техникалық регламенттер

 талаптарын бақылау бөлімінің басшысы                                            Н.Б. Ахметова

 

Дата публикации
20 октября 2023