Тағамға биологиялық белсенді қоспалар (бұдан әрі– ББҚ) - бұл өсімдік, жануар немесе минерал тектес табиғи шикізат негізінде жасалған препарат. ББҚ дәрілік заттар болып табылмайды. Олардың қызметі денені пайдалы компоненттермен қамтамасыз ету болып табылады. Олар денеден зиянды заттарды кетіруге, метаболизмді қалыпқа келтіруге қабілетті.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы белсенді орналастырылуда.
Осыған байланысты, Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бақылау субъектісіне(объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау нысанында тағамға биологиялық белсенді қоспалардың айналымын бақылауды жүзеге асырады.
Бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне бақылау субъектісіне бармай-ақ бұзушылықтарды өз бетінше жоюға құқық беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау жолымен жүргізіледі. ББҚ үшін жарнама саласындағы субъектіге (объектіге) бармай-ақ профилактикалық бақылау субъектілері жарнама таратушылар мен жарнама берушілер болып табылады.
2023 жылдың 9 айында мониторингпен 434 ББҚ жарнама таратушылары қамтылды. ББҚ жарнамасы саласында 74 бұзушылық анықталды, олар бойынша бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар берілді. Оның ішінде 42,0% ұсынымдар мерзімінде орындалмады.
Берілген ұсынымдарды мерзімінде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне әлеуметтік желілердің сайттарын бұғаттау үшін 31 ақпарат жіберілді.
Халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Департамент Қостанай облысының тұрғындарына ББҚ қолданар алдында дәрігермен кеңесуді ұсынады. Азық-түлікке биологиялық белсенді қоспаларды сатып алмас бұрын, сатушылардан өнімнің сәйкестігін растайтын құжатты - азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ББҚ гигиеналық талаптарға сәйкестігін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті сұраңыз.