Азық-түлік қауіпсіздігі адам денсаулығының маңызды факторларының бірі болып табылады.
2023 жылғы 8 маусымда Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Атамекен" ҰКП Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар жыл сайын 7 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне орайластырылған. Бұл күн азық-түлік қауіпсіздігін жақсартудың бірлескен тәсілдерін талқылаудың маңызды себебі болып табылады.
Семинарға Қостанай облысының тамақ өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің және қоғамдық тамақтану саласының өкілдері қатысты.
Азық-түлік қауіпсіздігі-бұл қоғамның денсаулығымен тығыз байланысты маңызды мәселе, халықтың денсаулығы мен оның генофондының сақталуын анықтайтын негізгі факторлардың бірі.
Семинарда тамақтану нысандарына қойылатын негізгі талаптар айтылды. Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тамақ өнімдеріне арналған техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Өндіріс кезеңінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өндірістің озық әдістерін қолдану, НАССР қағидаттарына негізделген қауіпсіздікті бақылаудың тиімді жүйелерін құру, тамақ өнімдерін сату кезеңінде - тамақ өнімдерін сақтау, буып-орау және тасымалдау ережелерін сақтау ықпал етеді.
Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні бізге салауатты және дұрыс тамақтану туралы ақпараттың таралуына назар аударуға және әсер етуге көмектеседі.