Тамақтануды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бойынша семинар өткізілді

Қостанай облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында білім беру объектілерінде тамақтануды ұйымдастыру, өндірістік бақылауды жүзеге асыру және тамақтан уланудың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, жалпы білім беру ұйымдарының директорлары, білім беру объектілерінде тамақтану қызметтерін ұйымдастырушылар және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты. 

Семинар барысында тамақтануды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары, инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде семіздіктің алдын алу мәселелері, ас қорыту органдарының патологиясын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар, мектептерде ауызсу режимін ұйымдастыру, өндірістік бақылауды жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру объектілерінде тамақтан улануды болдырмау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар қаралды. 

Департамент бөлімдерінің басшылары Р.Ж. Таженова, Н.И. Гаценбеллер, бас маман Е. В. Ляхова баяндама жасады.

Баяндамашылар рұқсат беру құжаттарының, сатылатын өнімнің сұрыптамасының, азық-түлік өнімдеріне ілеспе құжаттарға және өндірістік құжаттаманы жүргізуге қойылатын талаптарға қатысты толық жауаптар берді.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша ас блогындағы санитариялық талаптарды сақтау, мектептерде тамақтандыруды ұйымдастырумен байланысты тамақтан улануды болдырмау, объектіде тиісті санитариялық жағдайды қамтамасыз ету үшін өндірістік бақылау жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

Дата публикации
23 февраля 2023