Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің 2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсетуін талдау
Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы және олардың қолжетімділігі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
Осының арқасында өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 30.12.2020 ж. № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық және қалалық басқармалары мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетті:
- "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
- "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру;
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
- "Патогенділігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру».
Статистикалық мәліметтер
2022 жылы облыс бойынша Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары 1018-мемлекеттік қызметтер көрсетті, оның ішінде 739-рұқсат құжаттары берілді, 279-бас тартылды.
Барлық мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау "Мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген.
- Жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы 356-санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар берілді ",158- бас тартылды;
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне 14-есептік нөмір беру; бас тартылды -0:
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы 322-санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар берілді, 100-бас тартылды;
-Патогенділігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге 68-рұқсат берілді, 47-бас тартылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
2022 жылғы 18 мамырда Департамент мамандары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өткізетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңке онлайн режимінде көрсетілді.
2022 жылғы 21 қыркүйекте Департамент маманы Қостанай облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті өткізген мемлекеттік аппарат қызметін бюрократияландыру мәселесі бойынша фокус-топқа "Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" тақырыбында баяндамамен қатысты.
Департамент күн, ай және тоқсан сайын мониторинг жүргізеді, сондай-ақ есептерді жоғары тұрған органға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау мақсатында департаменттің аумақтық бөлімшелерімен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша іс-шаралар өткізеді.
2022 жылы департамент алқасының 4 отырысы өткізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі қаралды.
Департамент кеңсесінде келушілер үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, онда интернет-ресурсқа қосылған дербес компьютер орнатылған. Мемлекеттік қызметтердің атаулары мен алу ережелері бар ақпараттық стенд бар.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Департаменттің интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі құрылды, онда нормативтік-құқықтық актілер, көрсетілген қызметтер бойынша анықтамалық ақпарат, мемлекеттік қызмет түрлері және қандай да бір мемлекеттік қызметті қалай алуға болатындығы көрсетілген.
2022 жылы облыс бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 275-түсіндіру іс-шаралары өткізілді, атап айтқанда:
-БАҚ мақалалар-7
- ТВ-де сөз сөйледі-7
- радиода сөз сөйлеу өткізілді-11
-семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер өткізілді-130
- "Facebook" әлеуметтік желісіне ақпарат дайындалды -77
- Ашық есік күні өткізілді-14
- Департамент сайтында ақпарат орналастырылды-14
- Әкімдік сайтында ақпарат орналастырылды-5
- Өңірлердің ЛЭД-экранында ақпарат тарату -10
Департамент қызметін талдау
және ұйымдастыру жұмысы
бөлімінің басшысы А. Ысқақова