Қостанай облысы бойынша 2022 ж. желтоқан айына жедел мәлімет

Эпидемиологиялық жағдайы

2022 жылдың желтоқсан айында жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, эпидемиологиялық  паротит, қышыма сияқты аурулар тіркелген жоқ.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жіті ішек инфекциясымен 5 жағдайға, биттегендікпен  8 жағдайға төмендеуі  байқалады, сонымен қатар жіті вирусты гепатит А  2 жағдайға өскені байқалады.

Санитариялық аясы

        Желтоқсан айында микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры судың 5 сынамасы зерттелді, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 0, санитарлық-химиялық зерттеулерге – 4, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 0. Азық-түлік және сүт өнімдері физикалық–химиялық көрсеткіштерге 5 сынама алынды, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін–1, сынамалардың микробиологиялық көрсеткіштеріне – 12, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін –1.

Дата публикации
06 января 2023