2022 жылдың 1 тоқсанында Департамент және оның аумақтық бөлімшелері 86 мемлекеттік қызмет көрсетті, 61 рұқсат құжаттарын, 25 дәлелді бас тартуды берді.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Департамент және оның аумақтық бөлімшелері 4 Мемлекеттік қызмет көрсетеді, атап айтқанда:
- эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, 47 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 33-і берілді, 14-і бас тартылды;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру;
-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына шекті жол берілетін шығарындылар мен шекті жол берілетін төгінділер, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, 34 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 26 берілді, 8 бас тартылды;
- патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру-5, оның ішінде берілді - 2 , бас тартылды-3.
2022 жылдың 1 тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер саны 2 есе аз.
2022 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша 25 дәлелді бас тарту келесі себептер бойынша берілді: эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру жөніндегі құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, объектілерді тексеру нәтижелері бойынша санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталды, аккредиттелмеген зертханалардың хаттамалары, объектілер бойынша ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің сәйкес келмеуі, қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне осы саладағы нормативтік құқықтық актілерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жобалар санэпидсараптауға жатпайды, оған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру талап етілмейді, жобалар бойынша ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің сәйкес келмеуі, тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды, түсіндірме жазбада патогендігі мен микрорганизмі бар 1-4 топпен жұмыс істеуге рұқсат беру жөніндегі істер номенклатурасы көрсетілмеген.
Департамент халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге күн сайынғы және ай сайынғы мониторинг жүргізеді.
Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша түсіндіру іс-шаралары-61 өткізілді, халықты қамту 45363 адамды құрады, оның ішінде;
- радиода сөз сөйлеу- 4;
- әлеуметтік желілерде 16 материал орналастырылды;
- семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді -30;
- Ашық есік күндері өткізілді -6;
- ЛЭД экрандарда орналастырылған ақпарат -3;
- мақала әкімдік сайтына орналастырылды -1;
- мақала Департаменттің сайтында орналастырылды -1.
Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің 20 маманы «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында біліктілігін арттырудан өтті.
2022 жылдың 1 тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылардан Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Департаменттің ұйымдастыру жұмысы
және қызметін талдау бөлімінің басшысы А. Искакова