Қостанай облысы бойынша 2022 ж. наурыз жедел мәлімет

Қостанай облысы бойынша 2022 ж. наурыз жедел мәлімет

Эпидемиологиялық жағдайы

2022 жылдың наурыз айында жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, эпидемиологиялық паротит, вирусты гепатиттер,қышыма сияқты аурулар тіркелген жоқ.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың 11 жағдайға, қышымамен 8 жағдайға өсуі, педикулезбен 2 жағдайға төмендеуы байқалады.

Санитариялық аясы

Наурыз айында микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры судың 33 сынамасы зерттелді, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 0, санитариялық-химиялық зерттеулерге – 32, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 0.

Азық-түлік және сүт өнімдері физикалық–химиялық көрсеткіштерге 76 сынама алынды, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 0, сынамалардың микробиологиялық көрсеткіштеріне – 78, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 0.

Дата публикации
28 апреля 2022