Қостанай облысы бойынша 2021 ж. мамыр жедел мәлімет
Эпидемиологиялық жағдайы
2021 жылдың мамыр айында жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, эпидемиологиялық паротит, вирусты гепатиттер, қышыма сияқты аурулар тіркелген жоқ.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қышыма 1 жағдайға, биттегендікпен 2 жағдайға төмендеуі байқалады, сонымен қатар сальмонеллезбен 1 жағдайға, жіті ішек инфекцияларымен аурушаңдығының 1,6 рет өскені байқалады.
Санитариялық аясы
Мамыр айында микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры судың 112 сынамасы зерттелді, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 2 (1,7%), санитариялық-химиялық зерттеулерге – 104 оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 2 (1,9%).
Азық-түлік және сүт өнімдері физикалық-химиялық көрсеткіштерге 105 – сынама алынды, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 0, сынамалардың микробиологиялық көрсеткіштеріне 68 сынама алынды, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 2 (2,9%).