Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы С. Жумажанова аумақтық басқармалардың мамандарына «Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың негізгі мәселелері» тақырыбында бейнеконференцбайланыс режимінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді.
Оқыту барысында Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының негізгі ережелері, мемлекеттік органдардың ақпарат беру жөніндегі міндеттері, азаматтардың ақпарат алу құқықтарын іске асыру тәртібі және ақпаратқа қол жеткізу мерзімдері түсіндірілді.
Сонымен қатар, ақпараттық сұрау салуларды қарау тәртібі, өтініштерге жауап дайындау кезінде заңнама талаптарын сақтау, қызметтік ақпарат пен дербес деректерді қорғау мәселелеріне назар аударылды.
Оқыту мамандардың ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы дұрыс қолдануына, азаматтармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жұмыс барысында ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтауға бағытталды.
2026 жылғы 7 қазанда Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласы ұйымдарының қызметкерлері маусымдық тұмауға қарсы вакцина алды.
Профилактикалық іс-шараға Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Қарағанды облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысты.
Қызметкерлерге маусымдық тұмауға қарсы иммунитет қалыптастыруға, ауру жұқтыру және оның асқыну қаупін төмендетуге бағытталған «Гриппол» вакцинасы салынды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары үшін вакцинацияның маңызы зор. Себебі бұл мамандар халықпен күнделікті тығыз байланыста болып, өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды жұмыстар атқарады.
Вакцинация – тұмаудың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі. Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау талабы күшіне енді. Көрсетілген күннен кейін өндірілген барлық өнім Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс.
ББҚ-ның міндетті қадағалану жүйесін іске қосу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған. Осы күннен бастап өнім айналымы толық электрондық құжат айналымымен сүйемелденіп, тауар нарыққа қатысушылардың арасында берілген кезде әрбір операция расталуы тиіс.
Цифрлық таңбалау шеңберінде өнімнің әрбір бірлігіне бірегей Data Matrix коды беріледі. Код қаптамаға түсіріліп, Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының жүйесінде тіркеледі. Бұл өнімнің өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дүкен сөресіне дейінгі барлық кезеңдердегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекет бұл шара ББҚ-ның нарықтағы айналымының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, адал бизнесті жосықсыз бәсекеден қорғауға және заң бұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді деп күтеді. Таңбалаумен нарықтың жеткілікті бөлігі қамтылғаннан кейін сатып алушылар қаптамадағы Data Matrix кодын Naqty Onim қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алатын ББҚ-ның заңдылығын өз бетінше тексере алады.
Нарыққа қатысушылар не істеуі қажет?
ББҚ айналымы саласында жұмыс істейтін компанияларға:
1. Тауарларды таңбалау және қадағалаудың цифрлық жүйесінде (ТТҚЦЖ) tanba.markirovka.kz порталында тіркелу;
2. Тауар карточкаларын жүйеде алдын ала тіркеуді бастау.
Назар аударамыз, тіркелген тауар карточкалары жаңартудан өтеді, оған белгілі бір уақыт қажет. Осыған байланысты нарыққа қатысушыларға тіркеуді кейінге қалдырмау ұсынылады. Бұл талап күшіне енгенге дейін жаңарту рәсімін аяқтап, таңбалау кодтарына уақтылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген, таңбаланбаған ББҚ қалдықтарын айналымға қатысушылар белгіленген тізбеге сәйкес олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін өткізе алады.
2026 жылғы 1 қазанда Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» алаңында Департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімі бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, жобалау ұйымдарымен және Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мамандарымен семинар өткізді. Семинар барысында санитариялық-қорғау аймағын белгілеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды.
Кездесу барысында санитариялық-қорғау аймағын (СҚА) белгілеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған өзгерістер талқыланды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Құрылыс кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты СҚА белгілеу рәсімі екі кезеңнен (алдын ала/есептік және белгіленген/түпкілікті СҚА) бір кезеңге (СҚА белгілеу) ауыстырылды. Енді жобаланатын (салынып жатқан, реконструкцияланатын) объектілер үшін СҚА белгілеу мәселесі кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамында аттестатталған сарапшылармен қаралады.
Өтпелі кезеңде ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 276-бабына және ҚР Құрылыс кодексінің 147-бабына сәйкес Департамент пен оның аумақтық басқармаларына қолданыстағы және 2026 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген, бірақ бұрын СҚА белгіленбеген объектілер үшін СҚА белгілеу функциясы сақталды. Бұл ретте СҚА жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған жағдайда, объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілмейтінін ескеру қажет.
Сонымен қатар Департаменттің құзыретіне белгіленген СҚА мөлшерлерін және тарихи қалыптасқан құрылысқа байланысты объектілер үшін СҚА мөлшерлерін азайту мәселелері кіреді.
Бұдан басқа, ҚР Құрылыс кодексі күшіне енгенге дейін есептік (алдын ала) СҚА белгіленген жағдайда, оның мөлшерлерін қайта белгілеудің немесе растатудың қажет еместігі, шекті жол берілетін шығарындылар және шекті жол берілетін төгінділер жобаларына сараптама жүргізу функциясының алынып тасталғаны және басқа да өзгерістер түсіндірілді.
СҚА шекараларының координаттарын 8 румб бойынша жобаға міндетті түрде енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл деректерді кейіннен тапсырыс беруші мен жобалаушы жергілікті атқарушы органдарға Геопортал мен кадастрлық картаға енгізу үшін ұсынуы қажет.
Кен орындары, прекурсорларды сақтау қоймалары бойынша СҚА белгілеу жобаларына сараптама жүргізу және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ тау-кен және химия өндірістерін пайдалануға байланысты қызметті келісу мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Департамент мамандары өз құзыреті шегінде семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
2026 жылғы 30 қыркүйек күні Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Департамент басшысы Ю.Л. Залыгиннің төрағалығымен білім беру саласындағы облыстық басқарма, аумақтық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, медицина қызметкерлері және мектептегі тамақтандыру қызметін жеткізушілердің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырудың жаңа тәсілдері, білім алушылар арасында жіті ішек инфекциялары мен тамақтан уланудың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.
Департамент басшысы Ю.Л.Залыгин өз сөзінде 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап республикада мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және балаларға тамақтандыру, тұру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін объектілерге қатысты мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа форматы бұзушылықтардың алдын алуға, профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған. Бұл формат мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдарда жоспардан тыс тексерулер жүргізуге және бақылау іс-шараларын неғұрлым жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Семинар барысында Департаменттің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы М.Е. Бельгибаева және инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы А.А. Амангелдиева сөз сөйледі.
Спикерлер қатысушыларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа форматын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Баяндамалар барысында мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға егжей-тегжейлі тоқталып, сондай-ақ білім алушылар арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алудың тиімді шараларын атап өтті.
2026 жылғы 29 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Таурбековтің төрағалығымен Жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, экология департаменттерінің, денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, «Қазгидромет» РМК филиалының, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық басқармаларының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында екі негізгі мәселе қаралды: Комиссияның алдыңғы отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы және атмосфералық ауаның ластануының халық арасында жұқпалы емес аурулардың таралу деңгейіне әсер ету себептері мен салдары.
Бірінші мәселе бойынша Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин балалар мен жастар арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алуға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.
Атап айтқанда, қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға, жастардың дене белсенділігін арттыруға, темекі және алкоголь өнімдерін, энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алуға, дұрыс тамақтану қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының денсаулықты нығайту бағдарламаларына қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Екінші мәселе бойынша атмосфералық ауаның ластануының Қарағанды облысы халқының жұқпалы емес аурулар көрсеткіштеріне әсеріне талдау ұсынылды.
Бағалау барысында атмосфералық ауаның сапасын мониторингілеу деректері мен халық денсаулығының көрсеткіштері пайдаланылды. Талдау аясында ластаушы заттардың шоғырлану деңгейі бағаланып, «ластаушы зат – ауру» арасындағы басым байланыстар анықталды, сондай-ақ корреляциялық және регрессиялық талдау жүргізілді.
Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалалары мен Абай ауданына ерекше назар аударылды. Қарағанды қаласында PM2.5 және PM10 ұсақ дисперсті бөлшектері, шаң және басқа да ластаушы заттар негізгі әсер етуші факторлар ретінде қарастырылды. Теміртау қаласында өнеркәсіптік ластанудың кешенді әсері байқалса, Балқаш қаласы мен Абай ауданында өнеркәсіп, жылу энергетикасы және көлік көздеріне байланысты жекелеген ластаушы заттар өзекті болып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша нақты ведомствоаралық шаралар белгіленді. Қарағанды және Теміртау қалалары, сондай-ақ Абай ауданы атмосфералық ауаның ластануына тереңдетілген мониторинг жүргізу және оның халық денсаулығына әсерін бағалау бойынша басым аумақтар ретінде белгіленді.
Денсаулық сақтау басқармасына басым нозологиялар бойынша алғашқы сырқаттанушылық туралы деректерді тұрғылықты жері, жынысы және жас ерекшеліктері бөлінісінде жыл сайын ұсыну тапсырылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халық денсаулығына төнетін созылмалы қауіптерді бағалау және жағдайға ведомствоаралық мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастырады.
Ведомствоаралық мониторинг нәтижелері атмосфералық ауаның ластану динамикасын, халықтың сырқаттанушылық көрсеткіштерін және жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін Комиссия отырыстарында тұрақты түрде қаралатын болады.
Қарағанды облысында жұқпалы емес аурулардың алдын алу және қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсерін төмендету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға, инфекциялық аурулардың алдын алуға және ЖРВИ мен тұмаудың алдағы эпидемиялық маусымына дайындыққа арналған брифинг өтті.
Брифинг спикерлері — Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Леонидович Залыгин және Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Мақсұтұлы Аймағанбетов.
Брифинг барысында 2026 жылдың 8 айындағы инфекциялық аурулар бойынша негізгі көрсеткіштер, вакцинация туралы ақпарат, сондай-ақ санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.
2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деп бағаланады. Инфекциялық аурулардың 96 нозологиясының 43-і (44%) тіркелді. Дифтерия, полиомиелит, қызамық, безгек, іш сүзегі, паратифтер, тырысқақ және бірқатар басқа да инфекциялар тіркелген жоқ.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көкжөтелмен сырқаттанушылық 2 есеге, серозды менингиттер 3 есеге, А вирустық гепатиті 3,3 есеге, дерматомикоз 2 есеге төмендеді. ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 24%-ға, COVID-19 және скарлатина 35%-ға, жіті ішек инфекциялары 16%-ға төмендеді.
Сонымен қатар қызылшамен сырқаттанушылық 29,2 есеге, созылмалы вирустық гепатиттер 2 есеге өсті. С вирустық гепатиті мен сальмонеллез жағдайлары да әрқайсысы 4 жағдайға артты.
Инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында халықтың нысаналы топтарын вакцинациялау жалғасуда. 8 айдың қорытындысы бойынша декреттелген топтарды профилактикалық егулермен қамту 49,5%-дан 63,6%-ға дейінгі көрсеткішті құрады. Қосымша жаппай иммундау аясында 6–11 айлық 2600 бала және 2–5 жастағы 2000-нан астам бала вакцинацияланды. Толықтыра иммундау шеңберінде 15 475 адам қамтылды.
Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 11 инфекцияға қарсы вакцинация республикалық бюджет қаражаты есебінен, ал А вирустық гепатитіне қарсы вакцинация жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.
2026 жылдың 8 айында облыста 121 030 ЖРВИ жағдайы тіркелді, оның 53%-ын балалар құрайды — 65 063 жағдай. Бұл ретте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 24%-ға төмендеді.
2025–2026 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмаудың алғашқы жағдайлары 2025 жылғы қазан айының ортасынан бастап тіркелді. Негізінен А/H3N2 тұмау вирусы (98%) айналымда болды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
Алдағы 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда А/H1N1, А/H3N2 және В тұмау вирустарының, сондай-ақ басқа да респираторлық вирустардың айналымы күтіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №11 қаулысына сәйкес тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиялық маусымы кезеңінде бірқатар санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар көзделген. Олардың қатарында тұмауға қарсы вакцинациялау, 1 қазаннан бастап медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлері үшін маска режимін енгізу, медициналық ұйымдардың кіреберісінде «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету және мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгілік сүзгі жүргізу бар.
Тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинацияны эпидемия алдындағы кезеңде — қыркүйек пен қараша айлары аралығында жүргізу ұсынылады. Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел топтарын иммундау үшін «Гриппол» вакцинасының 173 000 дозасы сатып алынды.
Тегін вакцинация диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектерге, әлеуметтік сала ұйымдарындағы тәрбиеленушілерге, медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдерге, педагогтерге, әскери қызметшілерге, созылмалы аурулары бар адамдарға, 65 жастан асқан қарт адамдарға және басқа да тәуекел топтарына жүргізіледі.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін қол гигиенасын сақтау, үй-жайларды тұрақты желдету және ылғалды тазалау жүргізу, науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу, балаларды ауа райына сәйкес киіндіру, дұрыс тамақтану және ауру белгілері пайда болған жағдайда дәрігерге уақтылы жүгіну ұсынылады.
Оқу жылының басталуына байланысты оқушыларды инфекциялық және жұқпалы тері ауруларына профилактикалық тексеру жүргізілуде. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша 157 626 оқушы тексерілді. Оның ішінде ЖРВИ-мен ауырған 355 бала, педикулезбен ауырған 7 бала, қышыма және дерматомикоз бойынша 3 жағдайдан анықталды.
Аурулар анықталған жағдайда қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Жұқпалы тері ауруларына күдігі бар балалар білім беру ұйымдарына барудан шеттетіліп, медициналық мамандарға жіберіледі.
Көкөністерді дайындау және сақтау кезеңінде ішек иерсиниозының пайда болу қаупі артады. Инфекция қоздырғыштары төмен температурада ұзақ уақыт сақталып, көбейе алады. Ал оның негізгі тасымалдаушылары — ұсақ кеміргіштер.
Аурудың алдын алу үшін азық-түлік сақталатын орындарды кеміргіштерден қорғау, көкөніс қоймаларына дератизация және дезинфекция жүргізу, қолды мұқият жуу, сапалы азық-түлік пен ауызсуды пайдалану, шикі және дайын өнімдерге арналған асүй құралдарын бөлек қолдану, ет, құс еті және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді жеткілікті деңгейде термиялық өңдеу қажет.
Санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, вакцинациядан уақтылы өту және профилактикалық іс-шараларға жауапкершілікпен қарау инфекциялық аурулардың алдын алудың негізгі шаралары болып табылады.
2026 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімімен (бұдан әрі – АІБ) қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандарына арналған «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР ДСМ 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы) тақырыбында ZOOM бейнеконференцбайланыс режимінде семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар барысында «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы талқыланды.
Семинарды АІБ басшысы Л.Т. Секербаева ашып, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 151 бұйрығына және 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды. Ол ерекше бақылаудағы тексерулерді жүргізуге толығырақ тоқталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (ӘҚБтК) көзделген тәртіппен заңдылықтың бұзылу жағдайларын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жеке ұсыныстарын дайындау және шығару тәртібін түсіндірді. Семинарды Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Л.К. Садықова жалғастырып, қатысушыларды осы Санитариялық қағидалардың 1, 2, 3-тарауларына және 2, 3-қосымшаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен таныстырды. Олар: терминдер, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қол гигиенасы, денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралардың сапасын бактериологиялық бақылау мәселелері.
Сонымен қатар, халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар тетіктері шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықтың негізгі компоненттері және елдің негізгі әлеуетін нығайту бойынша ұсынымдар берілді.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базасында департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерін бақылау бөлімі Департаменттің бейіндік бөлімдерінің басшыларымен және мамандарымен оқыту семинарын өткізді, онда санитариялық-қорғау аймағын белгілеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды.
Кеңес барысында санитариялық-қорғау аймағын белгілеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған өзгерістер талданды. Мәселен, 2026 жылғы 1 шілдеде ҚР Құрылыс кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін СҚА белгілеу рәсімі екі кезеңнен (алдын ала/есептік және белгіленген/түпкілікті СҚА) бір кезеңге (СҚА белгілеу) ауыстырылды. Енді жобаланатын (салынып жатқан, реконструкцияланатын) объектілерге арналған СҚА-ны ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылар қарайды.
Департамент пен оның аумақтық басқармаларының "Халықденсаулығыжәне денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 276-бабына және ҚР Құрылыс кодексінің 147-бабына сәйкес 2026 жылғы 1шілдеге дейін пайдалануға берілген жене құрылыс объектілері үшін, бірақ бұрын белгіленген СҚА жоқ кезде қолданыстағы СҚА белгілеу функциясы қалды. Бұдан басқа, Департаменттің құзыретіне тарихи қалыптасқан құрылысқа байланысты объектілер үшін белгіленген СҚА және СҚА мөлшерін азайту кіреді.
Сондай-ақ, ҚР Құрылыс кодексі күшіне енгенге дейін есептік (алдын ала) СҚА белгіленген жағдайда СҚА-ның белгіленген мөлшерін қосымша белгілеу не растау қажеттігінің жоқтығы туралы; шекті жол берілетін шығарындылар мен шекті жол берілетін төгінділер жобаларына сараптама жүргізу функциясын алып тастау туралы және т. б. түсіндірілді.
Геопортал мен кадастрлық картаға енгізу үшін оларды тапсырыс беруші мен жобалаушы кейіннен жергілікті атқарушы органдарға беру үшін 8 румбалар бойынша СҚА координаттары туралы мәліметтерді жобаға міндетті түрде енгізуге ерекше назар аударылды.
Бөлім мамандары өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.