1995 жылдан бастап жыл сайын Конституция күні республикалық референдумда бекітілген күні — яғни 30 тамызда атап өтіледі. Бұл елде ерекше салтанатпен атап өтілетін мемлекеттік деңгейдегі мереке. Қазақстанда мемлекеттік мерекелерді өткізу ресми салтанатты іс-шаралармен қатар жүреді. Мерекеге Мемлекеттік мән беру туралы шешім ел тұрғындарына елдің тарихи өткенін және қоғамның бүгінгі демократиялық жетістіктерін еске салу үшін қабылданды. Әрбір азамат Конституцияның мәтінін білуге, оның өзі және тұтастай ел үшін маңыздылығын түсінуге және ұғынуға тиіс.
ҚР Конституциясының 10 жылдығы мен 15 жылдығы (2005 және 2010 жылдары) жылдары елімізде пошта маркалары шығарылғаны есте қаларлық жайт. 10 жылдығына орай И.Макиенконың авторлығына номиналы 72 теңге маркасын шығарды. Конституцияның 15 жылдығы маркасының авторы - суретші Данияр Мұхамеджанов болды: онда автор ұлттық ою-өрнекті және Конституцияны қоршап тұрған желбіреген туды бейнелеген. Номиналы 32 теңгелік бұл марка 30 мың дана таралыммен шықты.
Еліміздің басты заңының кезекті жылдығын атап өтіп, Елордада – сол кезде Астанада – үлкен пицца пісірді. Пицца бес сағатқа жуық пісірілді, диаметрі 5 метрге жетті. Қазақстан Студенттер альянсының белсенділері бұл рекордты ресми түрде тіркеді, ал тағамнан дәм татқысы келетіндерге Конституцияның ережелерін білу басты талап болды.