Меню

Страницы

Статья

Жаңа Қазақстан!

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы елді толық саяси жаңғыртуға бағытталған және мұндай Жолдаулар әлі болмаған. Бұл - қысқа мерзімде жүзеге асыруға бағытталмаған: Президенттің басты мақсаты- жаңа Қазақстанды құру. 29 сәуірде ұсынылған Конституцияға түзетулер туралы алдағы өткелі отырған референдум тек халықтық ұстанымдарды күшейте түседі.

 

Әрине, мұндағы алғашқы маңызды қадам-супер президенттік басқару формасынан кету. Осылайша, Президент елді тиімді басқаруды қызмет векторын белгіледі. Тыңдаушы мемлекет, жауапты парламент болып қоғаммен тығыз жұмыс жүргізу өте маңызды. Сонымен қатар, саяси реформалар қоғамды демократияландыру мақсатында жалғасатын болады.

Мемлекет басшысы қоғамның проблемалық мәселелерін қарайтын қоғамдық кеңес құрды, кейіннен дала демократиясының дәстүрлерін жаңғырту және жалпыхалықтық деңгейде ұлттық кеңестердің рөлін күшейтуге мүмкіндік беретін «Ұлттық құрылтай» құру туралы мәлімдеді.  Құрылтай билік пен халық арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа деңгейін қалыптастыруы тиіс, ал оның құрамына өңірлердің ең құрметті өкілдері, қоғам қайраткерлері және басқа да азаматтар кіретін болады. Осылайша халықтың түрлі топ өкілдерінің мүдделерін қамту мүмкін болады.

Маңызды ұсыныстарды бірі – Президенттің міндетін заң жүзінде ресімдеу және өз өкілеттігі кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату, әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу. Бұл идеялар да қолдау тапты.

Жергілікті өзін-өзі басқару  функцияларын енгізу арқылы тұрғындар өз аумақтарын басқара алатын болады. Бұл жерде жергілікті сайланбалы өкілді органдар – мәслихаттар маңызды рөл атқарады, олар Мемлекет басшысының пікірінше, халықтың билікке деген сенімін нығайтуы тиіс. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы лауазымы енгізілетін болады.

Өткен жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті. Бірақ соңғы екі жыл ішінде Әлем ауыр сынаққа – коронавирустық пандемияға тап болды. Президент халыққа төнетін қатердің алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдады: жұмысынан айрылғандар үшін әлеуметтік төлемдер және медицина қызметкерлері мен халықтың басқа да топтарының жалақысын көтеру, аса қауіпті жұқпаны таратпай алдын алу мәселесіне аса назарға алынды.

Осы Жолдауда қоғамның пікірінің маңыздылығы айқындалған: бұл қарапайым адамдардың қажеттілігін білу үшін сайлау жүйесін жетілдіру.

Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғаудың ерекше тәсілін атап өткім келеді-құқық қорғау институттарының рөлін күшейту арқылы әділ және шынайы құқықтық жүйені құру әбден мүмкін. Яғни, адам әлеуметтік, діни көзқарасына қарамастан өзін қауіпсіз сезінетін болады.

 

 

Қазақ даласының тарихына сүйене отырып, дала демократиясы қайта жанданды, бұл бүгінгі болмысымызға сәйкес іске асыруға болатын мүмкіндік, яғни, БАҚ туралы заңды қайта қарау, қоғамдық ұйымдар мен басқа да азаматтық институттарды ортақ проблемаларды шешуге тарту.

Өңірлерді дамытудың маңызды бағыттарының бірі: адамдардың әл-ауқаты  экономиканың ілгерілеуіне тікелей байланысты және бұл жерде дағдарысқа қарсы батыл шаралар қабылдау, отандық өндірісті қолдау қажет. Бұл да Президент Жолдауында көрініс тапқан.

Жаңа Қазақстанды құру үшін еліміздің әр азаматының өз үлесін қосудың маңызы өте зор. 

Конституцияға Президент ұсынған түзетулер де іргелі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетініне күмәніміз жоқ.  Референдумның өзі де әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге қатысуға мүмкіндік беріп, жаңа Қазақстанның құрылуын нығайтатыны түсінікті. Саяси жүйедегі тепе – теңдік халықтың мүддесін білу үшін пайдалы-ал халыққа мүддесін білгені және өз елінің тағдырын шешуге тікелей қатысуы өте маңызды.

 

 

Дата публикации
19 мая 2022
Дата обновления
19 мая 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Тұзды шамадан тыс тұтынудың қан қысымына әсері
15 октября 2026
Маникюр және педикюр қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15 октября 2026
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда тамақтан уланудың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы