Бруцеллез - ауру жануарлардан адамға жұғатын және ағзаның мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын аса кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Адамның бруцеллезі созылмалы түрге өтіп, мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Адамдар үшін бруцеллез инфекциясының негізгі жұқтыру жолдары қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа болып табылады. Әдетте инфекция ауру жануармен байланыста болған кезде, бруцеллезбен ауыратын жануарлардан алынған және жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген сүт өнімдері мен етін тұтынған кезде пайда болады. Сондықтан, бруцеллезді жұқтыру ықтималдығы мал шаруашылығы секторының қызметкерлері (сауыншылар, бақташылар, ветеринарлар, зоотехниктер) мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын адамдар арасында жоғары.
Адамнан адамға инфекция берілмейді.
Аурудың инкубациялық кезеңінің ұзақтығы 1-ден 8 аптаға дейін, орташа есеппен 2-4 апта.
Бруцеллезге тән белгілер:
- буындардағы қатты ауырсыну, көбінесе аяқ-қолдарда;
- дене қызуының жоғарылауы және қызба;
- күшейтілген тершеңдік;
- жалпы әлсіздік және күш жоғалту.
Бруцеллездің алдын алу жолдары қандай?
Инфекцияның алдын-алу санитарлық-ветеринарлық шаралар мен жеке гигиена шараларынан тұрады. Ірі қара малдың арасында ауру анықталған кезде ауру жануар оқшауланады және карантиндік аймаққа орналастырылады. Тұрмыстық жағдайда бруцеллезді жұқтырудың алдын алу үшін ірімшік сияқты өнімдерді тікелей тұтыну және дайындау үшін сүтті пастерлеу қажет. Шикі сүтті және одан дайындалған сүт өнімдерін пайдалануға жол бермеңіз. Етті дайындау кезінде кем дегенде бір сағат бойы термиялық өңдеуді жүргізе отырып, кішкене кесектерге бөліп пісіру ұсынылады.
Ет-сүт өнімдерін сатып алу орнын таңдауға мұқият болу ұсынылады - оларды стихиялы құрылған базарларда, жол бойындағы науаларда және өнімнің ветеринариялық тұрғыдан қауіпсіз екенін куәландыратын ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ жеке меншік иелерінен сатып алмау ұсынылады. Өнімдерді тек белгіленген жерлерде (базарлар, дүкендер және т.б.) сатып алу керек.
Жануарлардың иелері оларды ветеринариялық тексеру үшін ұсынуы керек. Сондай-ақ, жануарларды сату, союға тапсыру, жерін ауыстыру ветеринарлық қызметтің рұқсатымен жүргізілуі керек.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес, бруцеллездің алдын алу мақсатында ауру жануармен қатынаста болған адам жыл бойы әр екі ай сайын зертханалық тексеруден өтуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, бруцеллезді жұқтырған жағдайда шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгіну және өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет!
Есіңізде болсын! Алдын алу шараларын білу және оларды қатаң орындау бұл аурудың алдын алуға көмектеседі.