«МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ИНФЕКЦИЯ» түсінігі нені білдіреді?
Бұл стационарда (ауруханаішілік инфекция - АІИ), емханада, медициналық қызмет жүргізілетін басқа да ұйымдарда, үй жағдайында науқасқа медициналық қызметті көрсетуден кейін туындауы мүмкін инфекциялық, сондай-ақ кәсіби қызметі нәтижесінде туындайтын медициналық қызметкерлердің сырқаттанушылығы.
Емдеу ұйымдарында санитариялық-індетке қарсы режим ұйымдастырылған, себебі санитариялық талаптарды сақтамаған жағдайда науқас кез-келген инфекциялық сырқаттанушылық жұқтыруы мүмкін.
Пациенттерді инфекциядан қорғау мақсатында барлық емдік және диагностикалық процедураларын қауіпсіз орындау ережелері (алгоритмдері), медициналық қалдықтарды орталықтандырылған жиын, тасымалдау, жою жағдайында медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс жасау әдісі енгізілді.
Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның алдын-алу шаралары
Науқасқа күтім жасайтын медицина қызметкерлердің қол жуу ережелерін сақтауы өте маңызды, бұл медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның таралуын тоқтатады және туындау қаупін азайтады.
Кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алу үшін медициналық қызметкерлер (халат, қалпақша, бетперде, бір рет пайдаланылатын қолғаптар, алжапқыш, қорғаныш көзілдірік және экрандар) бір реттік пайдалануға арналған жеке қорғаныш құралдарын қолданады.
Персонал жүйелі түрде сауаттылығын және пациенттер мен персоналды инфекцияның жұқтыру қаупімен байланысты манипуляцияларды орындау кезіндегі тәжірибелік дағдыларын арттыру үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқулардан, аттестациядан арнайы біліктілік дәрежесін арттыратын мекемелерден өтеді.
Медициналық ұйымдарда бір рет пайдаланылатын бұйымдардың жан-жақты қолданылуы, заманауи жабдықты, дезинфекциялаушы антисептиктерді енгізу, парентералді гепатиттермен сырқаттануды төмендетуге мүмкіндік береді.
Осылайша, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтай отырып, медициналық ұйымдарда пациенттер мен персоналды ауруханаішілік инфекциялардың таралмауын сақтап қалуға болады.