Халық арасында туберкулезбен сырқаттанушылықтың жоғары таралуы балалардың ауруды жұқтыру деңгейінің артуына ықпал етеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты балалар ересектерге қарағанда туберкулезбен жиірек ауырады.
Балалардағы туберкулездің алдын-алудың негізгі әдісі, ол нәресте туған кезден, яғни өмірдің алғашқы 3 күнінде қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана перзентханада жүргізілетін БЦЖ вакцинациясы. БЦЖ вакцинасы тері ішіне жасалынатын, ол адамның жалпы денсаулығы үшін қауіпсіз, жергілікті туберкулез процесінің дамуын қамтамасыз ететін екпе. Егу нәтижесінде балалар ағзасы туберкулез микобактерияларына қарсы жасанды, бірақ тұрақты иммунитетті дамытуға мүмкіндік алады. Екпе жасау арқылы туберкулез инфекциясы мен аурушаңдығын азайтуға септігін тигізеді, әрі туберкулездіңжіті, жайылған түрлерінің дамуын алдын алады. Вакцинациядан кейін туберкулез инфекциясына қарсы иммунитеті бар вакцинацияланған бала микобактериялармен кездескенде инфекцияны мүлдем жұқтырмайды немесе инфекцияның жеңіл түрімен ауыруы мүмкін.
Манту реакциясы туберкулезге қарсы иммунитеттің жай-күйін бағалау және туберкулездің алғашқы жұқтыру сәтін анықтау мақсатында жүргізіледі. Манту сынамасы – зиянсыз. Туберкулинде тірі микроорганизмдер жоқ және дененің иммундық жүйесіне де, бүкіл ағзаға да әсер етпейді. Егер Манту сынамасын жасаған кезде ағза туберкулез микобактериясымен «танысқан» болса, сына жасаған орында қабыну құбылыстары анағұрлым қарқынды болып, Манту реакциясын дәрігер оң деп бағалайтын болады, бұл вакцинациядан кейінгі жақсы иммунитеттің болуын көрсетеді. Бұндай көрініс туберкулез ауруын жұқтырды деген сөз емес. Іс жүзінде кез-келген адам микобактерияны жұқтырады және оған қарсы күресе алатын иммунитеті бар, сондықтан туберкулезбен аз ғана адам ауырады. Жақсы қалыптасқан иммунитет аурудың дамуына жол бермейді. Керісінше, организм әлсіреген болса, иммунитеттің төмендеуі байқалса, басқа да ауру жағдайлары болса, организмде туберкулез дамиды. БЦЖ егуінен кейін алынған иммунитет орта есеппен 5 жыл бойына сақталады. Алынған иммунитетті сақтау үшін екінші вакцинацияны бірінші сынып оқушылары жүргізеді. 15 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерде туберкулездің алдын алудың негізгі әдісі - жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өту болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдерді туберкулезден қалай қорғауға болады:
* балаларды перзентханада туберкулезге қарсы вакцинациялау, Манту сынамасын жүргізу, 6 жасында қайта вакцинациялау;
* жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау;
* тиімді тамақтану, сүт және ет өнімдерін, көкөністер мен жемістерді жеу;
* бөлмені үнемі желдетіп тұрыңыз, таза ауада көбірек болыңыз;
* жасөспірімдерге флюорографиялық тексеруден уақтылы өту;
* жаман әдеттерден бас тарту (темекі шекпеу, ішімдік пен есірткіні қолданбау).
Есте сақтаңыз: туберкулез ауруының алдын алуға болады!