Меню

Страницы

Статья

Жаңа жылдық мерекелерді жағымсыз тосынсыйлармен бұзбау үшін не істеу керек?

Мереке күндері тұрғындар арасында тамақтан улану жайттары артады, мереке күндері жіті ішек инфекцияларының пайда болуының негізгі себептері: тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, тағамдарды көп мөлшерде дайындау (артығымен), шығу орны белгісіз, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сатып алу және оларды дұрыс сақтамау, сондай-ақ тағамдарды дайындау процесінде жеке гигиена қағидаларының сақталмауы болып табылады.

Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелерді жағымсыз тосынсыйлармен бұзбау үшін мерекелік үстелге тағам түрлерін дұрыс таңдау мен оны дайындаудың негізгі ережелерін сақтауды ұсынамыз:

- азық-түлік өнімдерін бөлшек сауда орындарында ғана және олардың сапасын, қауіпсіздігін және қадағалануын растайтын құжаттар болған кезде ғана сатып алыңыз;

- атауы, құрамы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары туралы ақпарат болмаса, шығу орны белгісіз өнімдерді, сондай-ақ үйде дайындалған тамақ өнімдерін сатып алудың қажеті жоқ;

- сауда объектісінде өндіруші көрсеткен сақтау шарттарының сақталуына ерекше назар аудару қажет;

- тамақ өнімдерін өлшеп оралған түрде, нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді тек буып-түйілген түрде сатып алыңыз;

- салаттар, туралған ет пен балықтан жасалған бұйымдар, желе, үйде артық қалған тағамдарды бір күннен артық сақтамау үшін аз мөлшерде дайындауды ұсынамыз;

- кремі бар кондитерлік өнімдер, көп компонентті салаттар, әсіресе майонезбен толтырылған салаттарда аса қауіпті, оларды сақтау мерзімі 3 сағаттан аспайды;

- егер дайын тағам басқа күнге қалса, оны қолданар алдында термиялық өңдеуден (қайнатыңыз, қуырыңыз) өткізу керек;

- егер дайын тағамды дүкеннен сатып алсаңыз, өнімді дайындау уақытына, сақтау шарттары мен оны сату мерзіміне назар аударыңыз;

- үйде ыстық және суық тағамдарды дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз;

- балаларға арналған ойыншықтар мен басқа да тауарларды сатып алу кезінде тауарларды таңбалауға ерекше назар аудару қажет екенін еске саламын. Тұтынушыға жеткізілуі керек негізгі ақпарат қаптамада көрсетілген, мысалы: өндіруші және өнім шығарылған материалдың құрамы, сондай-ақ жас шектеулері. Иіске, ақаулардың немесе өткір өңделмеген жиектердің болуына, бояудың қабыршақтануына және т. б. назар аудару керек. Міндетті түрде сатушылардан өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификатын сұрау ұсынылады;

- алкогольден мас болу қаупін болдырмау үшін алкоголь өнімдерін көп мөлшерде, аш қарынға, сондай-ақ белгілі брендтерге еліктейтін шығу орны белгісіз алкогольді ішпеңіз.

Мереке күндері өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарау керек, аталған талаптарды сақтау сапасыз тамақ өнімдерімен улану қаупінің алдын алады.

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Тұзды шамадан тыс тұтынудың қан қысымына әсері
15 октября 2026
Маникюр және педикюр қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15 октября 2026
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда тамақтан уланудың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы