Дұрыс тамақтану – адамның өмірлік қажеттілігі және денсаулық кепілі.
Жаңа жыл – бұл асқазанның мерекесі емес, ең алдымен, бұл кездесулер мен жақын адамдармен қымбат қарым-қатынас уақыты.
Жаңа жылдық мерекелер әрқашан кең мерекелік дастарханмен байланысты екені белгілі.
Жаңа жылдық дастархан жаңа жылдың алғашқы жағымсыз сәті болмайтындай ету үшін не істеу қажет?
Ұсыныстарға сәйкес келесі шарттарды сақтау қажет:
- тек жаңа өнімдерді сатып алыңыз және жарамдылық мерзіміне мұқият назар аударыңыз;
- тез бұзылатын өнімдерді (сүт, ет, балық, салаттар, кілегей өнімдері) 6 градустан аспайтын температурада, сондай-ақ қаптамада көрсетілген жағдайларда сақтау керек;
- рұқсат етілмеген жерлерде азық-түлік сатып алмау;
- шикі және дайын өнімдер үшін бөлек кесетін тақталар мен пышақтарды дайындау;
- тамақ дайындау технологиясын сақтау, туралған ет салаттарын аз мөлшерде дайындау;
- жаңа дайындалған тағамды бір күн бұрын дайындалған тағам қалдықтарымен араластырмау;
- артық тамақтану мен асқазанда ауырлық сезімін болдырмау үшін мереке алдында аш болмаңыз.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында көп мөлшерде тамақ ішу көбінесе жіті ішек инфекциясы мен тамақтан улану қаупіне әкеледі.
Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың негізгі себептері – бұл тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, тағамдарды көп мөлшерде, әсіресе салаттар мен басқа да тез бұзылатын өнімдерді артығымен дайындау, шығу орны белгісіз, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сатып алу және оларды дұрыс сақтамау, тағамдарды дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтамау.
Жаңа жылды тек қуанышты оқиғалармен есте сақтау үшін Сіз келесі ережелерді сақтауыңыз керек:
- тамақ дайындау, тамақтану алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен міндетті түрде мұқият жуу;
- тез бұзылатын өнімдерді рұқсат етілген сақтау мерзімі шегінде тоңазытқышта сақтау;
- тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз немесе қайнатыңыз;
- дайын тағамды бөлме температусында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз, дайын тағамды тоңазытқышта 4 сағаттан артық сақтамаңыз, ал қолданар алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізгеніңіз дұрыс;
- тамақ дайындауға, сондай-ақ ыдыс-аяқтарды өңдеуге және жууға арналған ас үй ыдыстарын мезгіл-мезгіл зарарсыздандырыңыз;
- шикі және тұтынуға дайын өнімдерді бірге сақтамаңыз;
- шығу орны, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар тамақ өнімдерін сатып алу қажет;
- ішуге арналған немесе бөтелкеге құйылған, қайнаған суды ішіңіз;
- көкшөп, көкөністер, жемістер, оның ішінде цитрус жемістері мен банандарды таза сумен жуғаннан кейін ғана пайдалануға болады;
- ас үй мен тағам өнімдерін жәндіктерден, кеміргіштерден және үй жануарларынан қорғаңыз;
- тұрғын үйде тазалық сақтау, жиі желдету және ылғалды жинауды жүргізу қажет.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңа жыл – отбасылық мереке екенін еске салады, облыс тұрғындарын адамдар жаппай қатысатын іс-шараларға бармауға және мерекені жақындары мен отбасы ортасында өткізуге шақырады!
Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алып, өз денсаулығыңызды сақтауға тілектеспіз!