Меню

Страницы

Статья

Менингококк инфекциясы - жіті жұқпалы ауру

Менингококкты инфекция – симптомсыз тасымалдаушылықтан, назофарингит (мұрынның шырышты қабатымен жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококты сепсиске (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық көріністермен өтетін, бактериялардан туындайтын жіті жұқпалы ауру. Менингококкты инфекция жедел таралады, клиникалық ағымы ауыр, өлім-жітімге алып келу жоғары. Көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, оның ішінде өмірінің алғашқы екі жылында балалар үшін өте қауіпті.


Ауру ауа-тамшылы жолмен (жөтел, түшкіру, сөйлесу кезінде) таралады. Менингококтың алғашқы белгілері суық тигенге ұқсас болып (жоғарғы температура, бас ауруы) келеді. Медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген жағдайда өлім-жітім 50%-дан асады. Аурудың алғашқы белгілеріне: дененің кенеттен жоғарғы температурасы 39,0 С, қатты бас ауруы, қайта –қайта құсу, денеге бөртпе шығуы, тыныстың нашарлауы, естің тануы жатады. Инфекция көзі - ауру адам және бактерия тасымалдаушы. Бір адамға 20 мың тасымалдаушы келеді.

Менингококты инфекциясы қыс және ерте көктем айларында өрши түседі. Себебі, бұл кезде адамның иммунитет жүйесі сол уақытта ЖРВИ, тұмау, т.б вирустары әсерінен әлсізденеді.


Ауруды алдын алу іс-шараларының ең маңыздысы, ол науқастарды анықтау және инфекция тасымалдаушы анықтау, оларға сауықтыру шараларын жүргізу, аурудың алғашқы белгілері анықталғанда дәрігерге көріну болып табылады. Менингококкты инфекцияны жұқтырмау үшін:
- суық тиюден аулақ болу;
- адамдардың көп жиналатын орындарына баруды мейлінше азайту;
- күн сайын үй-жайды ылғалды жинау және желдету;
- жеке бас гигиена ережелерін сақтауды ұмытпау – жиі қол жуу, кір қолмен шырышты қабыршақтарды ұстамау;
- дәрумендерге бай тамақтарды, денені нығайтатын препараттарды пайдалану, физикалық жаттығулар жасау, денені суыққа төзімді ету;
- салқын тию кезінде ауру барысын (салқын тию, жөтел т.б.) дұрыс бақылау қажет, дене қызуы көтерілгенде, бас қатты ауырғанда жедел түрде дәрігерге көрінген абзал.

Дата публикации
26 октября 2021
Дата обновления
26 октября 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Тұзды шамадан тыс тұтынудың қан қысымына әсері
15 октября 2026
Маникюр және педикюр қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15 октября 2026
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда тамақтан уланудың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы