Меню

Страницы

Статья

Жіті ішек инфекциялары және тамақтан уланудан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілі қоршаған ортада жіті ішек инфекциялары қоздырғыштарын сақтау және көбейту үшін қолайлы уақыт болып саналады, осыған байланысты жаз мезгілі болашақта балалардың денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін, яғни ЖІИ және тағамнан уланудың көбейуімен сипатталады.


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қатер тұрғысынан балаларды сауықтыру объектілері, мектепке дейінгі ұйымдар, жабық үлгідегі балалар ұйымдары эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатады.
Балалардың арасында ЖІИ және тағамнан уланудың алдын алу мақсатында балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді жеткізушілер мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- тамақ өнімдерін және азық-
түлік шикізатын қабылдауды жүзеге асыру кезінде сапасын растайтын құжаттар болуы тиіс;
- тағамдарды сақтау ережелерін және тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық
мерзімім қадағалау;
- өнімді толық пайдаланғанға дейін өнімнің осы түрінің жарамдылық
мерзімін көрсете отырып, әрбір ыдыс орнының таңбалау белгісін сақтау;
- шикі және дайын өнімдерді бөлек өңдеуді, сақтауды бақылау;
- технологиялық картаға сәйкес дайын тағамдарға аспаздық өңдеуді
жүргізу;
- жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтау;
- ас блогы қызметкерлерінің медициналық тексеруден уақтылы және
толық өтуі, жұмысқа рұқсатының болуы.


Ата-аналар өздері және балаларға келесі қарапайым ережелерді үйретуі керек, өткір ішек инфекцияларынан қорғану үшін қарапайым ережелер:
- су мен сүтті тек қайнаған түрінде ішу,
- көкөністер мен жемістерді ыстық сумен жуу,
- тамақ өнімдерін шыбындардан қорғау,
- азық-түлік сақтау ережелері мен мерзімдерін сақтау,
- тамақтанар алдында қолды міндетті түрде жуу,
- тырнақты тістемеу.


Ең жақсы әрі қарапайым тәсілі - ол баланы үйрету, тәрбиелеу, дағдыландыру. Жоғарыда аталған қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және балаларыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі!

Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Тұзды шамадан тыс тұтынудың қан қысымына әсері
15 октября 2026
Маникюр және педикюр қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15 октября 2026
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда тамақтан уланудың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы