Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес 3,4 миллиард адам безгек ауруын жұқтыру қаупіне әлі де болса ұшырауда.
Безгек – ежелден келе жатқан және аса кең таралған паразиттік тропикалық адамға тән ауру түрі. Қазіргі таңда әлемде 100-ден астам елдерде безгек таралған және ауруды жұқтыру қаупі (Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдері) бар. Ауру науқас адамнан сау адамға сілекейінде ауру қоздырғышы бар Anopheles масасының шағуы арқылы жұғады. Безгектің 4 формасы: үш күндік, овале-безгек, төрт күндік, тропикалық болып бөлінеді. Әр түрлері өзінің ерекшеліктеріне ие. Ең қауіптісі тропикалық безгек, ол дәрігерге кеш жүгінгенде қайтыс болуға әкелуі мүмкін. Инкубациялық (белгісі білінбейтін) мерзімнің ұзақтығы 6-7 күннен бастап 6 айдан 3 жылға дейін.
Ауру жалпы интоксикациядан (әлсіздік, қалжырау, бастың қатты ауыруы, қалтырау) басталады. Содан кейін безгектің қайталанатын ұстамасы басталады. Жасырын мезгіл өткен соң ауру өрши түседі. Безгекпен ауырған науқас адамда кенеттен ұстама басталады, олар 3 фазалы: қалтырау, ол 3-4 сағаттай өтеді, дененің қызуы – дене температурасы кенеттен жоғарылайды, бас қатты ауырады, дене қызуы түскеннен адам терлеп-тепшиді. Осындай ұстамалар безгек қоздырғышының түрлеріне сәйкес күн сайын немесе 2-3 күн өтеді. Кейде безгектің ұстамалары қалтыраусыз да өтеді. Ұстама нақты бір кезеңділікпен қайталанады.
Адамдарды безгектен қорғау бірнеше жолмен жүргізіледі:
Сапардан келгенде міндетті түрде безгек бойынша қолайсыз елден келгені жөнінде мекенжайы, оқу немесе жұмыс істеген орындағы учаскелік дәрігерге туралы хабарлау керек.
Безгек бойынша келеңсіз елде болғаннан кейін аурудың әлсіз де болса белгісі біліне бастаса тез арада дәрігерге көмекке жүгіну қажет!