Әр адам өз денсаулығын, отбасының және жақындарының жұқпалы аурулардан қауіпсіз өмір сүру үшін, вакцинацияның не екенін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсінуі тиіс. Әркім өзіне немесе баласына вакцина жасай отырып, ол жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды, және отбасы мен қоғамның басқа мүшелерін: иммундық жүйесі әлсіздерді, қарттарды немесе белгілі бір сырқат түрлері бар адамдарды, барлық қажетті екпелерді уақытында алмаған балаларды қорғайды.
Әрқайсымыз өз денсаулығымыз бен балаларымыздың денсаулығы туралы шешім қабылдауға құқығымыз бар. Вакцинация күнтізбесі бойынша немесе «экзотикалық» елдерге барар алдында өзіңізге немесе балаңызға вакцина қабылдау қажеттілігі туралы мәселе әрдайым отбасында ұзақ талқылаулардың тақырыбына айналады.
Дегенмен, қорғаныс шарасы тек қана вакцинация болып табылатын аурулар да жоқ емес, және тым көп адам екпені алудан бас тартқан кезде, халықтың иммундық үлесі азайып, қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупі артады. Көптеген жұқпалы аурулар үшін вакцинация негізгі алдын-алу шарасы болып табылады. Вакцинацияланған адамдар азайған кезде аурулардың қайталанатыны туралы нақты дәлелдер бар.
Вакцинация арқылы алдын алуға болатын инфекцияның жоғары қаупі тобына шетелдік студенттер, иммигранттар және босқындар кіреді. Олардың арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алудың ең басты әдісі екпе жүргізу. «Экзотикалық» жұқпалы аурулардың таралуы және халық арасында бұрын-соңды кездеспеген аймақтарда пайда болуына туризмнің қарқынды дамуы да әсер етеді.
Мысалы, 90-шы жылдары дифтерияға қарсы егілген адамдардың деңгейінің төмендеуі індетке, инфекцияның ауыр түрлерінің көбеюіне, балалар арасындағы өлімнің өсуіне және ересектер арасында сырқат жағдайлардың көбеюіне әкелді.
2008 және 2018 жылдары ДДҰ мәліметтері бойынша тұрғындар арасында иммунизацияланбаған адамдар санының жоғарылауы және екпемен қамтылуының төмендеуі Еуропада қызылша эпидемиясы тіркелуіне себеп болды.
Иммундау дифтерия, полиомиелит, сіреспе, қызамық, қызылша және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу үшін маңызды шара болып табылады. Жүктілік кезінде (бірінші триместрде) әйелдерде қызамық вирусына антиденелердің болмауы ұрықтың туа біткен ақауларының даму қаупін тудырады. Ұлдарды эпидемиялық паротитке қарсы вакцинациялаудың көрсеткіші ретінде аталық және аналық бездердің қосалқыларының қабыну процесінің даму қаупі және кейіннен ерлер бедеулігі дамуының асқынуы болып табылады. Қызылшаның асқынуы қызылша энцефалитінің дамуына, сондай-ақ өліммен аяқталатын жүйке жүйесінің ауыр үдемелі ауруларына әкелуі мүмкін. Полиомиелиттің асқынулары жан жақты, мысалы: парез және салдану; кейбір жағдайларда асқазан-ішектен қан кету, перфорация және ішек өтімсіздігі байқалады. В гепатиті вирусын жұқтырудың нәтижесі цирроз және бауыр қатерлі ісігі болуы мүмкін.
Жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің созылмалы ауруы, қант диабеті бар егде жастағы адамдар, жұқпалы аурулардан, әсіресе тұмаудан болатын асқынулар мен өлім-жітімнің жоғары қатерлі тобына кіреді. Бұл адамдар міндетті түрде тұмауға қарсы вакцинациялануы тиіс, жыл сайынғы вакцинация ауруды 50% — ға, асқынулардың пайда болуын 80% — ға, өлімді 90% - ға төмендетеді.
Вакциналар табиғи инфекцияларға қарағанда күшті иммунитетті қалыптастырады ма?
Жұқпалы ауруларға, немесе белгілі бір инфекцияға қарсы белсенді жасанды иммунитет биологиялық агенттердің көмегімен пайда болады және жұқпалы аурулардың алдын алу әдісінің бірі ретінде танылған. Алдын алудың бұл әдісі вакцинопрофилактика деп аталады.
Организмге антигенді енгізгеннен кейін иммундық жүйенің инфекциялық аурудың қоздырғышын тануы организмге қайта енген жағдайда микроорганизмдерді бейтараптандыратын антиденелер шығарудан тұрады.
Вакцинациядан кейінгі иммундық жауап табиғи инфекцияға сезімтал иммундық реакцияға ұқсас, бірақ вакцинацияланған адамда аурудың даму қаупі жоқ. Кейбір жұқпалы аурулардан кейін ағзада ұзақ немесе тіпті өмір бойына иммунитет дамиды, бірақ мұндай иммунитеттің қалыптасу бағасы тым қымбатқа түсуі мүмкін.
Көптеген жағдайларда тірі ағзалармен вакцинациялаудан кейін де, және инфекциядан кейін де иммунитеттің қалыптасу ұзақтығы бірдей. Бұл қызылша, паротит, қызамық, шешек және полиомиелитке қарсы тірі вакциналар үшін дәлелденген факт. Мұндай вакцинаны қабылдаған адамдарда қандағы антиденелердің қорғаныш концентрациялары өмір бойы анықталады.
Иммундаудың арқасында халықаралық қоғамдастық халықты бірқатар бактериялық және вирустық инфекциялардан тиімді қорғауды, шешекті жаһандық жоюды, полиомиелит, қызылша және туа біткен қызамық жағдайларын азайтуды, балалар инфекцияларымен сырқаттанушылықтың күрт төмендеуін қамтамасыз ете алды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша бүкіл әлем бойынша вакцинациялау бағдарламасы 6 млн баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, 750 мың бала мүгедек болып қалмайды. Вакцинация жыл сайын адамзатқа 400 миллион қосымша жыл өмір береді.
Кейбір кәсіп түрлері мен денсаулық жағдайы сіздің инфекцияларға қарсы тұруыңызды осалдандыратынын және вакцинацияның денсаулығыңызды сақтау мен нығайту үшін маңызды екенін есте ұстаған жөн.