Қарағанды облысында короновирустық инфекция бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.
Осыған байланысты, "Халықаралық әйелдер күнін", "Наурыз мейрамын" және осы мерекеге байланысты демалыс күндерін мерекелеу кезінде санитарлық талаптарды сақтау, бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды тағы да еске саламыз.
Бұл ретте, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жіті ішек инфекцияларымен аурудың алдын алу және ескерту мақсатында, әдетте, "Наурыз-мейрамы" мерекелік мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдарынан басқа майонез қосылған түрлі салаттар және кремі бар кондитерлік өнімдер көптігінен негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:- азық-түлікті бейтаныс жерлерде және рұқсат етілмеген сауда орындарында, сондай-ақ кремді кондитерлік өнімдерді үй жағдайында өндірумен айналысатын кондитерлерден сатып алмаңыз. Шикізат пен дайын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың болмауына байланысты улану және түрлі жұқпалы аурулардың туу қаупі бар;- тез бұзылатын тамақ өнімдерін, әсіресе сүт, шұжық өнімдерін, дайын салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдерді сатып алған кезде жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына ерекше назар аударыңыз;- көкөністерді, жемістерді ағынды сумен мұқият жуыңыз;- тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқаны мұқият қуырыңыз немесе қайнатыңыз;- мерекелік үстел үшін көп компонентті салаттар және басқа да күрделі тағамдар көп мөлшерде дайындалмауы керек, өйткені олар микробтар мен вирустардың дамуына жақсы қоректік орта болып табылады;- жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыз;- пісіру кезінде жеке гигиена ережелерін ұмытпаңыз;- рұқсат етілмеген сауда орындарында, жеке тұлғалардан үйде консервіленген өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, тұздалған қияр, қызанақ және т. б.) сатып алмаған дұрыс.