Меню

Страницы

Статья

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: эпидемиялық маусымға дайын болайық

Күздің келуімен ЖРВИ, тұмау және COVID-19 инфекцияларының таралу қаупі артады. Сондықтан 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда қарапайым профилактикалық шараларды сақтау маңызды.

Тұмаудан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі – вакцинация. Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап жүргізіледі. Әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алу ұсынылады.

Аурудың алдын алу үшін:

  • адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
  • қажет болған жағдайда медициналық маска тағу;
  • қолды сабынмен жиі жуу;
  • бөлмелерді тұрақты желдету және ылғалды тазалау;
  • дұрыс тамақтанып, ұйқы мен демалыс тәртібін сақтау;
  • науқас адамдармен байланысты шектеу қажет.

Ауру белгілері байқалса, үйде қалып, медициналық көмекке жүгініңіз. Дене қызуы, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы немесе әлсіздік байқалған жағдайда баланы мектепке немесе балабақшаға жібермеген жөн.

Есте сақтаңыз: антибиотиктер вирустарға әсер етпейді, сондықтан оларды өз бетінше қабылдауға болмайды.

Денсаулығыңызды қорғаңыз – тұмауға қарсы вакцина алыңыз, профилактикалық шараларды сақтаңыз және аурудың алғашқы белгілерінде дәрігерге жүгініңіз! 

Дата публикации
08 сентября 2026
Дата обновления
08 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Тұзды шамадан тыс тұтынудың қан қысымына әсері
15 октября 2026
Маникюр және педикюр қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15 октября 2026
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда тамақтан уланудың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы