Меню

Страницы

Статья

"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" моделін іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

БҮГІН, 7 қарашада "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" бағдарламасын енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысына арналған ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аумақтық басқармалардың басшылығы, басқарма мамандары, Қарағанды облысының білім басқармасының басшылығы, мамандары, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдері мен жалпы білім беретін мектептердің директорлары қатысты.

Отырысты ашқан спикерлер оқушылардың денсаулығын нығайту білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Департамент басшысы Юрий Залыгин өз сөзінде бағдарламаның басты мақсаты - мектеп ортасының денсаулығын сақтау, білім алушылар мен ұстаздардың салауатты өмір салты мәдениетін дамыту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту туралы айтып өтті.

 Кеңес барысында ағымдағы жылдың шілде айында Қарағанды облысында басталған осы бағдарламаны енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру, мектептерде тамақтану сапасын бағалауды ұйымдастыру мәселелері қаралды, сондай-ақ проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары айқындалды.

Кеңес соңында Дулат Жекебаев  және Юрий Залыгин қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс айтып, отырыс қорытындысы бойынша нақты орындау мерзімдерімен хаттамалық тапсырмалар дайындалатынын атап өтті.

 

 

Дата публикации
07 ноября 2025
Дата обновления
07 ноября 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
Тұзды шамадан тыс тұтынудың қан қысымына әсері
15 октября 2026
Маникюр және педикюр қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15 октября 2026
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда тамақтан уланудың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы