Эпидемияға дейінгі маусымда жіті респираторлық вирустық аурулармен (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттану бойынша балалардың денсаулығын сақтау және олардың иммунитетін нығайту мәселесі ата-аналар үшін бұрынғыдан да өзекті болып табылады.
Баланы ЖРВИ мен тұмаудан қорғау үшін ата аналар келесі ұсыныстарды орындауы керек:
- баланың суық тию белгілері бар адамдармен байланысын шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;
- баланы қолын үнемі және мұқият жууға үйрету (оның ішінде тамақтанар алдында, көшеден оралғаннан кейін, қоғамдық орындарға барғаннан кейін, жалпыға ортақ пайдаланылатын заттарды қолдану және т. б.), таңертеңгі гимнастика мен салқын сумен сүрту, дене шынықтырумен айналысу;
- баланың тоңуына жол бермей, таза ауада күнделікті серуендеуді ұйымдастыру;
- баланы ауа-райына қарай дұрыс киіндіру;
- бала орналасқан үй-жайларды үнемі желдету және ылғалды тазалау;
- баланың диетасына А, С және Е дәрумендеріне бай тағамдарды енгізу, баланың тамақтануы теңдестірілген және тиімді болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Тамақтануы бұзылған балалардың ауырып қалуы әлдеқайда оңай. Дене салмағының жетіспеушілігі немесе артық салмағы бар баланың денесі метаболизм процестерін қалыпқа келтіруге тым көп күш жұмсайды, осыған байланысты патогендермен кездескенде толық иммундық жауап қалыптастыра алмайды;
- баланың, әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін, мұрын қуысын жуыңыз.
Алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцинация, эпидемиялық маусым басталғанға дейін өзіңізге және балаңызға тұмауға қарсы вакцина алыңыз!
Жоғарыда аталған алдын алу шараларын сақтау баланы ЖРВИ және тұмау ауруларынан, сондай-ақ олардың қолайсыз салдарларынан қорғайды. Сонымен қатар, ата-аналардың жоғарыда аталған ұсыныстарды орындауы балалар үшін жақсы үлгі болады!
Ата-аналар, аурудың алғашқы белгілерінде (дене температурасының 37,5 - 38°С дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, мұрынның бітелуі, мұрынның ағуы, жөтел және т. б.) баланың ұйымдасқан ұжымға (мектепке дейінгі балалар ұйымдары, мектептер, қосымша білім беру ұйымдары (секциялар, үйірмелер және т.б.) баруын болдырмау қажет екенін ұмытпаңыз және дереу дәрігер көмегіне жүгініңіз!