Вирустық гепатиттер – жалпы интоксикациямен және гепатит вирустарынан туындаған бауырдың басым зақымдануымен жүретін бауырдың жұқпалы аурулары. Вирустардың негізгі түрлері: A, B, C, D және E.
Вирустық гепатиттер кезіндегі инфекцияның көзі – науқас адам. А гепатиті 7-ден 50 күнге дейін, В гепатиті 2-ден 6 айға дейін, С гепатиті 14-тен 180 күнге дейін болған кезде инкубациялық кезең (инфекциядан клиникалық белгілер пайда болғанға дейінгі уақыт) өтеді.
Гепатиттің клиникалық белгілері: шаршау, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, дене температурасының жоғарылауы, терінің және көз склерасының сарғаюы.
Гепатит вирустары әртүрлі жолдармен таралады: А және Е гепатиті – ластанған тамақ өнімдері, су, тұрмыстық заттар арқылы; В және С гепатиттері – қан және басқа дене сұйықтықтары арқылы.
Осы тақырып бойынша 2023 жылғы 11 сәуірде "ИНДУСТРИАЛЬНАЯ КАРАГАНДА" газетінде Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанованың "НЕ ДОПУСТИТЬ ВСПЫШКИ" тақырыбымен мақаласы жарияланды, толығырақ газеттің келесі №40 (23024) нөмірінен оқи аласыздар. ️ ️