Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы

"Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын" іске асыру мақсатында Департаментпен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары" әзірленіп, бекітілді. Осындай жоспарларды басқармалармен де бекітілді, олардың орындалуы туралы Департаментке тоқсан сайын жіберіледі. Қолданыстағы заңнама талаптарын бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін әкімшілік практиканы жүзеге асыру кезінде Департамент жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарын әзірледі және бекітті.

Аталған жоспарларды орындау үшін 2022 жылдың 9 айында 525 Құқықтық жалпыға бірдей оқыту, жеке және заңды тұлғалар үшін 248 семинар өткізілді, жергілікті және республикалық газеттерде 12 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде және Департаменттің ресми сайтында 620-дан астам жарияланым орналастырылды. Халыққа қызмет көрсету аймағында "Сенім телефондары" және Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыстары бар ақпараттық стендтер орналастырылған.

Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының барлық қызметкерлері өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады және тиісті міндеттемеге қол қойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру мәселелері бойынша жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде "Адал көмек" жобасының алаңында басқарма басшылары ай сайын әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізеді.

Департаменттің сайтында "Жиі қойылатын сұрақтар" айдарында ең өзекті және қызықтыратын сұрақтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша жауаптар жарияланады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты негізде жүзеге асырылады және Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Бұл жұмыс жалғасуда, Егер сіз Департамент немесе оның аумақтық басқармаларының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болсаңыз, онда Департаментке Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 мекенжайы бойынша немесе 8 (7212) 50-78-70 «сенім телефоны» бойынша хабарласуыңыз қажет екенін еске салғымыз келеді.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 мекенжайы бойынша немесе 1424 тегін нөмірі бойынша бірыңғай Сall-орталық арқылы хабарласа аласыз.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін Департаменттің ресми сайтына немесе egov.kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисіне жазу жеткілікті.

 

 

Дата публикации
27 октября 2022
Дата обновления
27 октября 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Тұзды шамадан тыс тұтынудың қан қысымына әсері
15 октября 2026
Маникюр және педикюр қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15 октября 2026
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда тамақтан уланудың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы