Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Шұғыл хабарлама 06.02.2026ж. «Бруцеллез».
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау Департаменті Махамбет аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 09.02.2026 жылдан бастап 06.03.2026 жылға дейін
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Махамбет аудандық ауруханасына» қарасты, ШЖҚ КМК Махамбет аудандық емханасы, орналасқан мекен жайы: Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Ө.Есмаганбетов көшесі, 21/1.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Участкелік дәрігер науқас ошағында 28.05.2025ж. бруцеллезге оң нәтижемен 3 бас ұсақ мүйізді малы анықталғанымен алты ай ішінде зертханалық зерттеу және бақылау жүргізбеген, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 9-тарау 205, 206 тармақшаларын бұзушылық болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ КМК «Махамбет аудандық ауруханасына» қарасты, Махамбет аудандық емханасының дәрігері.
- Қабылданған шаралар: жеке тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.