ІШКІ КОНКУРС
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 28 наурыздағы конкурстық комиссияның
қорытынды шешімі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік), бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған ішкі конкурстың қорытындысы бойынша үміткер Аймуратова Алтынгул Букенбаевна конкурс комиссиясы мүшелерінің шешімімен оң нәтижеге ие болды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары (С-R-2 санаты, 1 бірлік), бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған ішкі конкурстың қорытындысы бойынша үміткер Калиева Асел Кылышбековна конкурс комиссиясы мүшелерінің шешімімен оң нәтижеге ие болды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2025 жылғы 01 тамызына дейін) лауазымдарына қатысушылар болмауына байланысты жалпы және ішкі конкурс жариялансын.