Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Мемлекеттік қызмет көрсетулер ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.06.2020 № ҚР ДСМ-65/2020 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Департамент бойынша 2020 жылдың 9 айында 27913 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
20420 өтініш қанағаттандырылды, ал 7493 өтініш бойынша дәлелді бас тарту болды.
27846 өтініш электрондық түрде мемлекеттік деректер қоры «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданса, 67 өтініш қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ келіп түсті. Аталған өтініштерді «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығына сәйкес қағаз түрінде және электрондық түрде беріп-алу мүмкіндігі бар.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша
Барлығы -46 қызмет көрсетілді , оның ішінде дәлелді бас тарту-12;
Дәлелді бас тарту себептері:
- Зертханалық хаттамалар және берілген өтініштегі мекен-жайларының сәйкес келмеуі;
- Форма бойынша өтініштердің толық толтырылмауы (аудан атауысыз және т.б.).
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу жағдайлары орын алмады.
Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша
Барлығы 33 қызмет көрсетілді (оның ішінде дәлелді бас тарту —11).
Дәлелді бас тарту себептері құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу жағдайлары орын алмады.
"І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметі бойынша
Барлығы - 33 қызмет көрсетілді, оның ішінде оң нәтиже берілгені -21, дәлелді бас тарту – 12.
Дәлелді бас тарту себептері құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу жағдайлары орын алмады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру мемлекеттік қызметі бойынша
Барлығы - 79 қызмет көрсетілді, оның ішінде оң нәтиже берілгені -56, дәлелді бас тарту – 23.
Дәлелді бас тарту себептері құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы және өтініште басқа аймақ атауын көрсету.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу жағдайлары орын алмады.
Біліктілік санатын тағайындаусыз клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бойынша
Барлығы 15000 қызмет көрсетілді (оның ішінде оң нәтиже берілгені -11485, дәлелді бас тарту -3515)
Сәйкес біліктілік санатын тағайындаумен маман сертификатын беру бойынша
Барлығы – 10119 қызмет көрсетілді (оның ішінде оң нәтиже берілгені -6625, о дәлелді бас тарту - 3494)
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу Барлығы 137 қызмет көрсетілді (оның ішінде оң нәтиже берілгені – 85, дәлелді бас тарту - 52)
Дәлелді бас тарту себептері:
- үміткер бағалаудың теріс нәтижесін ұсынуы;
- мәліметтер формасын толық емес және растаусыз толтыру;
- үміткердің білім алу құжаттарының өтініш беру мамандығына сәйкес келмеуі;
- үміткердің біліктілігін арттыру құжаттары мерзімдерінің сәйкессіздігі;
- құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
- біліктілік санат өлшемдеріне сәйкессіздігі;
- басқа да себептер (өтінішті басқа аймаққа беру, өтініште мамандық атын қате беру, регламенттік мерзімінен ерте беру, тестілеу нәтижесінің болмауы).
Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" бойынша
Барлығы – 402 қызмет көрсетілді (оның ішінде оң нәтиже берілгені – 281, дәлелді бас тарту - 121).
Фармацевтикалық қызметке лицензия беру бойынша
Барлығы – 354 (оның ішінде оң нәтиже берілгені – 283, дәлелді бас тарту - 71).
Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру бойынша
Барлығы - 58 қызмет көрсетілді (оның ішінде оң нәтиже берілгені – 54, дәлелді бас тарту - 4).
Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру бойынша
Барлығы – 3 қызмет көрсетілді (оның ішінде оң нәтиже берілгені -2, дәлелді бас тарту -1).
Дәлелді бас тарту себептері:
- құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
- өтінішті басқа аймаққа беру.