Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.04.2020 жылғы №21 Қаулысы

Қызметкерлердің тұратын объектілерінде

эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуде

коронавирустық инфекция бойынша

санитариялық-эпидемиологиялық режимді

күшейту туралы

  COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, эпидемияға қарсы іс – шаралар жүргізуге тартылған медициналық мекемелер, қызметтер мен ведомстволар қызметкерлерінің (бұдан әрі-қызметкерлер) және Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Меншік нысанына қарамастан қызметкерлердің тұратын объектілерінің (жатақханалар, қонақ үйлер, хостелдер, казармалар) басшыларына:

1) қызметкерлерді орналастыру кезінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес КВИ профилактикасы бойынша санитариялық қағидалар мен эпидемияға қарсы режим алгоритмінің сақталуын қамтамасыз етсін;

2) тұру жағдайларын бақылауды жүзеге асыру және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуде консультациялық-практикалық көмек көрсету үшін жұмыс (мониторингтік) топтарының объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. 

  1. Алматы қаласының әкімдігіне:

1) тұру жағдайларын бақылауды жүзеге асыру және консультативтік – практикалық көмек көрсету үшін аудандар әкімдерінің орынбасарларын, Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент), Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлерін, "Nur Otan" партиясының Алматы қалалық филиалының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, жұмыс (мониторингтік) топтарын құру;

2) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабқа ақпарат бере отырып, жұмыс (мониторингтік) топтары тарапынан кестеге сәйкес қызметкерлердің тұратын объектілерінің тұрақты мониторингін жүзеге асыру.

Бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметін тоқтата тұруға дейін шаралар қолдану;

3) ауыз су режимін, ыстық тамақ және қызметкерлерді тұратын жұмыс орындарына және қызметтік автокөлікпен тұратын жерлерге жеткізуді ұйымдастыру.

  1. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартылған басқа да ведомстволарға:

1) қызметкерлерді тұратын жерлеріне (қонақ үйлерде, жатақханаларда, хостелдерде, казармаларда әртүрлі ведомстволардың (оның ішінде бөлім, бөлімшелердің, бөлімдердің және т.б.) қызметкерлерін) орналастыруда барынша оқшаулауды ескере отырып жүргізілсін.

  1. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасына, Алматы қаласының аудандарының әкімдеріне:

1) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабқа орындалған жұмыстар актілерін ұсына отырып, мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлер тұратын объектілердегі жалпы пайдалану орындарына апта сайын дезинфекция жүргізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Алматы қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                      Ж. Бекшин

 

 

 

Алматы қаласының

Бас мемлекеттік санитариялық  

дәрігерінің қаулысына 1-қосымша

22.04.2020 ж.   № 21 

 

Қызметкерлер тұратын объектілерде COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша індетке қарсы іс-шараларды жүргізуде эпидемияға қарсы режим алгоритмі

 

  1. Қызметкер тұратын объекті (бұдан әрі – объект) бірінші басшысының бұйрығымен COVID-19 бойынша карантин уақытында алдын алу іс-шараларын сақтауға жауапты адам бекітілсін.
  2. Объектінің жауапты қызметкері күнделікті мониторинг, қызмет көрсетуші, техникалық персоналды (ауысымға кіріскенге дейін) және тұратын қызметкерлерді қоса алғанда, жай-күйіне сауалнама және журналдарда тіркей отырып термометрия жүргізу. Сүзгіні жүргізу кезінде персоналдың және тұратын қызметкерлердің жиналуын болдырмау және олардың арасындағы әлеуметтік алшақтықтың кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ету.
  3. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрын) және басқа да жұқпалы аурулар байқалатын қызметкерлерді жұмысқа жібермеу. Жоғарыда көрсетілген симптомдары бар қызметкерлер немесе тұратын қызметкерлер анықталған жағдайда оны дереу оқшаулап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру және Департамент пен Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына хабарлау.
  4. Объект персоналын бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорымен (ауысым ұзақтығын және маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес), сондай-ақ бір рет қолданылатын қолғаптармен (ауысымда 2 реттен кем емес және тұтастығы бұзылған кезде ауыстыруға жататын), дезинфекциялаушы майлықтармен немесе қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен қамтамасыз ету. Бір рет қолданылатын маскаларды қайталап пайдалануды, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған ЖҚҚ жинауды арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі мамандандырылған ұйымдар қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде шығару.
  5. Тұратын адамдардың ортақ пайдалану орындарын (демалыс бөлмелері, акт залдары және т. б.) пайдалануды барынша қысқарту.
  6. Тұратын қызметкерлерді бөлмелерге (нөмірлерге) жатын орындар арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр өткізе  отырып орналастыру, керек. 2 қабатты кереуеттерді пайдалануды болдырмау.
  7. Объектіні жеткілікті мөлшерде (5 күндік қор) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу ауданы мен жиілігіне қарай қамтамасыз ету.
  8. Техникалық персоналға арналған дезинфекциялау құралдарын ерітуге арналған үй-жайларда көрінетін жерге дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықты орналастыру қажет. Дезинфекциялау құралдарын дайындауды тиісті ЖҚҚ-ны қолдана отырып, нұсқаулыққа сәйкес жақсы желдетілетін үй-жайда жүргізу керек.
  9. Күніне кемінде 2 рет дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдетуді және ылғалды тазалауды олардың нұсқаулығына сәйкес жүргізу қамтамасыз етілсін. Таңбаланған жинау құралдарын қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану керек.Объектіге кіре берісте,сондай-ақ жалпы пайдалану орындарына кіре берісте дезинфекциялаушы кілемшелер көзделсін.
  10. Желдету және ауа баптау жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тексеру және алдын алу жұмыстарын (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) белгіленген тәртіппен жүргізу.
  11. Әр 3 сағаттан сайын жанасатын беттерді (есіктердің тұтқалары, сүйеніштері, үстелдердің жұмыс беттері, ұялы телефондар, лифттердің, терминалдардың кнопкалары және т.б.) әр 3 сағат сайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу.
  12. Қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету (санитариялық тораптардың, себезгі бөлмелерінің, қол жууға арналған қолжуғыштардың жұмыс істеуі, қағаз сүлгілердің, санитайзерлердің, сабынның болуы және т.б.). Жалпы пайдаланылатын санитариялық тораптар мен себезгі бөлмелеріне дезинфекциялық өңдеу әрбір 3 сағат сайын жүргізіледі.
  13. Объектінің үй-жайларын (ресепшн, әрбір қабаттың холлдары, санитариялық тораптар мен жалпы пайдаланылатын себезгі бөлмелері, БӨП) персонал мен тұратын қызметкерлердің қолжетімділігін және әрбір 2 сағат сайын қолдарды санитариялық өңдеуді жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, антисептиктермен (санитайзерлермен) қамтамасыз ету.
  14. Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде:

1) бір рет қолданылатын ыдыстарды пайдалануды қамтамасыз ету. Көп рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану кезінде арнайы жуу машиналарында 90 минут бойы 65оС-тан төмен емес температурада ыдыс пен асхана аспаптарын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін өңдеу режимдерін қолдана отырып, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес немесе оларды қолдану жөніндегі талаптарға сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қол тәсілімен өңдеу жүргізу;

2) асханада тамақ өнімдерін өткізуді, кесілмеген көкөністер мен жемістерді қоспағанда, өлшеп-оралған күйінде жүргізу;

3) асхана қызметкерлерін (сатушылар, аспаздар, даяршылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) қызмет көрсету кезінде ЖҚҚ (ауысымында кемінде екі рет және тұтастығы бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптар, 3 сағатта кемінде 1 рет ауысатын бір рет қолданылатын маскалар) қамтамасыз етуге міндетті.

4) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуге;

5) Қол жетімді жерлерде жеткілікті мөлшерде асхана қызметкерлерінің қолын өңдеуге арналған шынтақ дозаторы бар санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз ету;

6) тамақ ішуді түскі ас үстелдерінің арасындағы қашықтықты кемінде 2 м сақтауды ескере отырып, ауысыммен жүзеге асыру керек. Тамақтану залдарында тұратын қызметкерлердің жиналуына жол бермеу.

  1. Қызметкерлер мен тұратын қызметкерлердің ауыз су режимін қамтамасыз ету.
  2. Объект аумағында бөгде адамдардың болуын болдырмау.
  3. Санитариялық шараларды сақтау кезінде персоналды жұмыс орындарына қызметтік көлікпен жеткізуді қарастыру. Көлік жолаушылар арасындағы 1 метрден кем емес қашықтық қамтамасыз етілетіндей толтырылады, көліктегі жолаушылар бетперде болуы тиіс. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып көлікті өңдеу тәулігіне кемінде 2 рет жүргізіледі. Автокөлік жүргізушілері ауысым алдындағы тексеруден және термометриядан өтеді және ЖҚҚ (маскалар, қолғаптар, санитайзер) қамтамасыз етіледі.
  4. Объектіге іргелес аумақты дезинфекциялау құралдарымен тәулігіне 1 реттен кем емес өңдеу.

 

Ескерту: қызметкерлер мен тұратын қызметкерлерді COVID-19-дан қорғау жөніндегі іс-шаралар көлемі жауапты тұлғаларды бекіте отырып, жұмыс берушінің ішкі бұйрығымен кеңейтілуі мүмкін.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға объектінің басшысы жауапты болады.

Дата публикации
22 апреля 2020