2021ж. 9-айында барлығы 27 нысанда ерекше тәртіп бойынша тексеру жоспарланып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына берілді. Соның тексерумен 11-і қамтылды (41%).
Графиктегі нысандардың 31% - КОВИД-19 инфекциясына байланысты қашықтықтан жұмыс істеуге көшуге, 38%-аудиторлық есеп алуларына, және 31%-басқа себептерге байланысты тексерілмеді.
Жалпы өнеркәсіптік және радиациялық нысандар бойынша (емдеу-сауықтыру мекемелерінсіз) барлығы 58 нысан тексерумен қамтылса, осының 11-і немесе 19% ерекше тәртіппен, ал 47-і немесе 81% жоспардан тыс тексерілді.
Барлығы 29.840.910 теңгеге 320 әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы саны 39 нұсқама беріліп, соның 35-і орындалды.
Ерекше тәртіппен тексерілген 11 нысанның 4-де (37%) санитариялық қағидалар талаптарының бұзылу фактісі анықталды.
Барлығы 57 семинар, атап айтқанда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мамандарына арналып 3, ведомство қызметкерлеріне арналып 54 семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан мамандары БАҚ-та 13 рет шығып (радио – 7, баспа – 6), қордаланған мәселелерді халық назарына жеткізді.