Меню

Страницы

Статья

Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (әрі қарай – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №293 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  фармацевтикалық қызмет саласында келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

1.Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

2.Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру;

3.Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензия беру;

4.Фармацевтикалық қызметке лицензия беру.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: www.egov.kz, www.elicense.kz  «электрондық үкімет» веб порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері:

-Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуге/әкетуге - 3 (үш) жұмыс күні;

-Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген медициналық бұйымдарды әкелуге/әкетуге - 3 (үш) жұмыс күні;

- фармацевтикалық білімі бар біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру кезінде-3 (үш) жұмыс күні;

– фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде-15 ( он бес) жұмыс күні;

- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде -3 (үш) жұмыс күні;

– лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде-2 (екі) жұмыс күні.

- есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде-10 (он) жұмыс күні;

- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде -3 (үш) жұмыс күні;

- лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде-2 (екі) жұмыс күні.

Порталдың жұмыс кестесі- жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Фармацевтикалық қызметке және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:

1) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %- ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100% құрайды;

4) лицензия берген кезде айналымымен байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың және денсаулық сақтау саласындағы 20 АЕК құрайды;

5) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %- ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;

6) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100% құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №293 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік қызметтер алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7282) 60-11-80. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

 

Дата публикации
14 апреля 2020
Дата обновления
14 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы