Меню

Страницы

Статья

Дене белсенділігі денсаулыққа қалай әсер етеді

ХХІ ғасырда қала тұрғынының орташа физикалық жүктемесі өткен ғасырлармен салыстырғанда 50 есеге азайды. Адамдар аз қозғалатын және отыру өмір салтын жүргізеді, соның салдарынан оларда қозғалыс белсенділігінің және бұлшық еттерінің жиырылу күшінің төмендеуі –гиподинамия дамиды.
Гиподинамия – жүрек-тамыр жүйесі ауруларының, әсіресе инсульт, семіздік, қант диабеті, остеопороз және басқа да аурулардың дамуының себебі. Гиподинамияның дамуын болдырмау үшін және көптеген өлімге әкелетін аурулардың пайда болу қаупін азайту үшін, Сіз белсенді қозғалуыңыз керек, мысалы аптасына кемінде 10 сағат жүруіңіз керек.
Физикалық белсенділікті арттырғысы келетіндерге арналған бірнеше қарапайым кеңестер:
• Көп қозғалуға тырысыңыз.
• Күніне үш рет қарапайым жаттығуға 10 минут жұмсаңыз: тұрыңыз, денеңізді түзу ұстаңыз және жүріңіз.
• Баспалдақпен жаяу жоғары көтеріліңіз және төмен түсіңіз.
• Жұмысқа баратын жолдың бір бөлігін жаяу жүруге немесе жұмыстан жаяу қайтуға тырысыңыз.
• Егер сіз көлікпен жүрсеңіз, қосымша 100-200 метр жаяу жүру үшін көлікті алшақтау тұраққа қойыңыз.
• Балаларыңыздың немесе достарыңыз бен туыстарыңыздың балаларының белсенді ойындарына қатысыңыз.
• Дүкенге барғанда және қайтқанда жаяу жүріңіз.
• Қолдан келетін физикалық жұмыстарды үнемі орындауға тырысыңыз, мысалы, бау-бақшада.
• Табиғатта жиі болыңыз.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы